«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына және жаңадан қалыптасқан учаскелік сайлау комиссияларының құрамына сайлау өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 01 қаңтар мен 15 қаңтар аралығында Қызылорда қалалық мәслихатына мынадай құжаттарды тапсырады: 

1) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

2) саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;

3) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші (Өтініштің нысанын тиісті мәслихаттан алуға болады.);

4) сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы, бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы электрондық және қағаз форматта жасалған, белгіленген нысандағы мәліметтер.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы. 

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, Қызылорда қалалық мәслихаты сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.  

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi тиiстi комиссия орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс. 

Сайлау комиссиясы бiр ұйымның қызметкерлерiнен тұрмауға тиiс. 

Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 15 қаңтарға дейін, дүйсенбі-жұма  күндері сағат 9:00-ден  19:00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс – 13:00-ден бастап 15:00-ге дейін.

Қызылорда қалалық маслихаты

Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы – Қызылорда  қалалық маслихатының хатшысы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі,  № 16.

Жауапты тұлға – Мұхтаров Мұрат Абдуллаұлы, қалааралық телефон коды (87242), қызметтік телефондары 27-42-07, 27-46-03, электрондық пошта мекенжайы kalalik-maslihat@mail.ru.

Р/с  Комиссия  түріУчаске нөміріСайлау комиссиясының орналасқан жеріКомиссия мүшелерінің саны
1Учаскелік сайлау комиссиясы№186Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Достық көшесі, №38, «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Әбу Құдабаев атындағы №197 қазақ орта  мектебі» КММ1
2Учаскелік сайлау комиссиясы№206Қызылорда облысы,Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі, №11,  «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Жанәбіл Нұрманов атындағы № 198 орта мектебі» КММ1
3Учаскелік сайлау комиссиясы№251Қызылорда облысы,Қызылорда қаласы, «Мерей» мөлтек ауданы, нөмірсіз, «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы № 211 орта  мектебі» КММ1

                             Қызылорда  қалалық  мәслихаты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған