Ақша аударымын жіберу, екінші деңгейлі банктерден несие немесе депозит рәсімдеу, салықтарды төлеу, коммуналдық қызметтерді төлеу, валюта айырбастау және тіпті пойыз билетін сатып алу – мұның барлығын және т.б. әрекеттерді Қазпоштаның бүкіл ел бойынша бөлімшелерінде жасауға болады.

«Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының пошта желісі облыстың барлық аумағын қамтиды. Облыс бойынша 600-ден астам қызметкер жұмыс істейді, Қызылорда қаласында облыс бойынша 151 филиалдаң 15-і жұмыс істейді, қалған көпшілігі ауылдық жерлерде орналасқан.

Соңғы кезде филиалда тұтынушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Олардың ішінде көлік паркін жаңарту, сәлемдемелер мен мерзімді басылымдарды сұрыптау процестерін автоматтандыру, желіні кеңейту post.kz қосымшасы арқылы онлайн-қызметтер алу және көптеген заманауи өзгерістерге сәйкес бастамалар бар.

Соңғы он жыл ішінде компания Unistream жүйелері мен Western Union арқылы халықаралық аударымдарды жүзеге асырып келеді. Ал 2022 жылдың 20 қазаны мен 20 желтоқсаны аралығында Қазпоштаның барлық бөлімшелерінде UNISTREAM жүйесі арқылы ақша аударымдарын жүзеге асыратын клиенттер арасында жабдықтың (Apple iPhone 13 Pro, iPhone 13 Pro Max және iPad Pro 12.9) ұтыс науқаны басталды. Акция туралы толығырақ https://www. kazpost.kz/ сайтында білуге болады.

Біздің бөлімшелер желісі және жеке төлем терминалдары арқылы салықтарды комиссиясыз төленеді: жеке тұлғадан мүлік салығы және жер салығы; көлік құралдары салығы; республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем қабылданады. Жылдан-жылға «Қазпошта» қызметтерінің аясы кеңейіп, қызмет көрсету сапасы артып келеді.

Қазір компанияның өз саласының жетекші ойыншысы ретінде дамуына ықпал ететін бизнеспроцестер белсенді түрде енгізілуде. 80 жастан асқан зейнеткерлерге, мүгедектер мен ҰОС қатысушыларға, бірінші топтағы мүгедектерге, сондай-ақ алушының денсаулық жағдайы туралы зейнетақы немесе жәрдемақы алуға мүмкіндік бермейтін медициналық анықтамасы бар адамдарға қызметтерді үйге жеткізу қарастырылған.

Сонымен қатар әлеуметтік төлемдер (зейнетақы, жәрдемақы, АӘК) алушылар үшін арнайы жеңілдетілген тарифпен «Әлеуметтік карта» ұсынады: зейнетақы және жәрдемақы алушылар үшін Әлеуметтік картаны пайдалану бірінші жылы 0 теңге, екінші жылдан бастап жылына небәрі 300тг. және де Әлеуметтік карта арқылы Қазақстанның Халық Банкі банкоматтарынан 100000 тг.дейін комиссиясыз ақша шешуге болады. Картаның тағы да көптеген артықшылықтарының бірі-карта арқылы төлем жүргізілгенде 1% Кэшбэк,ал картамен post. kz және PayPost қосымшаларында төлем үшін бонустар беріледі.

Агенттік қызметтерінің ауқымы да айтарлықтай үлкен. Қазпошта бөлімшелерінде несиелер мен депозиттерді тіркеу қалаларда да, шалғай ауылдарда да халыққа қолжетімді болды. Ұлттық пошта операторы клиенттерге «Хоум Кредит Банк» АҚ арқылы несие алу мүмкіндігін ұсынады. Ауыл тұрғындары несиеге сол жерде өтініш бере алады, жақын жердегі «Қазпошта» АҚ-ның мамандандырылған бөлімшесіне хабарласып, несиелеу шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты алуға болады.

«Отбасы Банкі» АҚ-мен ынтымақтастық аясында тұрғындардың тұрғын үй сатып алуға қаражат жинау үшін Қазпошта бөлімшелерінде депозит ашуға және депозиттерді толықтыруға мүмкіндігі бар. Енді ол үшін қалаға барудың қажеті жоқ. Мұндай операциялар аудандық және ауылдық пошта бөлімшелерінде бар. «Қазпочта» АҚ-ның ауылдық және аудандық бөлімшелерінде лотерея билеттерін, теміржол билеттерін сатып алуға, автокөлікті сақтандыру полисін және жазатайым оқиғалардан және аурулардан сақтандыруға, несие тарихы, БЖЗҚ қызметтері (өтініштерді беру) туралы ақпарат алуға болады. Салымшының қосымша деректемелерін өзгерту/толықтыру және ақпараттандыру тәсілін өзгерту туралы келісімдерге қол қою үшін, сондай-ақ ұялы байланыс операторларының (Kcell, Beeline, Tele2, Altel) SIM карталары мен маршрутизаторларын сатып алуға болады. Кәсіпкерлер үшін де Қазпочта көптеген мумкіндіктер есігін ашуда: солардың ішінде есеп-шоттар ашу және жүргізу, заманауи ақша аударымдарын жасау бойынша интернет-банкинг жүйесі, есеп айырысу жүйелері, валюталарды конвертациялау және т.б.ұсынады.

Кең клиенттік базасы бар Қазпочта жергілікті бағалы қағаздар нарығындағы негізгі брокерлердің бірі болып табылады, базаның кең болуы компанияның еліміздің барлық аймақтарында брокерлік қызмет көрсетуімен байланысты. 2000 жылдан бастап номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметпен айналысуға лицензия негізінде брокерлік қызметті жүзеге асыруда. ҚР Қор биржаларында құнды қағаздарды сату, сатып алу және олардан түскен дивиденттер арқылы пайда көру мүмкіндіктері қарастырылған.

«Қазпошта» 2012 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ және 2014 жылы «KEGOC» АҚ акцияларын орналастыру бойынша негізгі брокер ретінде «Халықтық IPO» бағдарламасының 2 кезеңін жүзеге асыруға қатысты. Ұлттық компаниялардың алдағы IPO-лары қарсаңында Қазпошта делдалдық келісімдерді онлайн жасау мүмкіндігін іске қосты. Бұрынғы IPO-лардың тәжірибесі мен кең желісін ескере отырып, «Қазпошта» «ҚазМұнайГаз» ҰК-ның негізгі IPO операторларының бірі болып қызмет көрсетті. Қазпошта бөлімшелерінде үстіміздегі жылдың қараша-желтоқсан айларында өткен«ҚазМұнайГаз» ҰК-ныңакцияларды сатып алуға 321 өтінімдер қабылданды.Бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.

Қазпошта АҚ ҚОФ Баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған