Қызылордада жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерінен көрме өтіп, үздіктері анықталды.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік көрме байқауына 80 кәсіпкер қатысуға өтінім беріп, көрмеге 64 кәсіпкер қатысты.

Байқауға қатысқан түйе жүнінен төсек-жабдық дайындайтын жеке кәсіпкер Жұмашева Индираның «Ай-Аружан» тігін орталығы «Халық тұтынатын үздік тауар» номинациясының жеңімпазы атанды. Ендігі кезекте кәсіпкер Астана қаласында өтетін республикалық көрмеге барып, өз тауарын ұсынатын болады.

Сондай-ақ, аталған көрмеде «Бір ауыл-бір өнім» жобасы бойынша Арал ауданынан Кушжанова Арсена иіс сабын өндіріcі, Анапияева Гульнар жүннен жасалатын бұйымдар, Мамытова Шәрбану шұжық өнімдері, Кушжанова Жұлдыз жартылай фабрикат өнімдері, Анар Жахан қолөнер бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған