Қызылорда қаласының әкімі А.Шаменов облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, облыс әкімінің аппарат басшысы Шахмардан Байманов, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төралиевпен бірге қалада салынып жатқан «Өнер» орталығының құрылысымен танысты.
1000 келушіге арналған көпфункционалды орталықтың іргетасы былтыр тамыз айында қаланған. Нысан жыл соңында пайдалануға берілмек. Құны 3,7 млрд. теңгені құрайтын екі қабатты ғимаратта симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытындағы концерттік бағдарламалар, түрлі форматтағы қоғамдық іс-шаралар өткізіледі.
Айта кетейік, көрермендерге концерттерді кәсіби әрі жанды дауыста ұсыну үшін симфониялық оркестр құру жоспарлануда. Ұжымның салтанатты тұсаукесер рәсімі жаңа «Өнер орталығында» өтеді.