Нәлібаевтың тапсырмасын орындап жүр…

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасы аясында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы бірқатар құрылысы жүріп жатқан нысандармен таныстырды. Соның бірі Жаңақорған кенті, “Маи бекеті”, “Ипподром”, “Саяжай” мөлтек аудандарындағы балалардың спорт алаңының құрылысы. Биыл облыс әкімінің тапсырмасымен Жаңақорған ауданында он спорт алаңының құрылысы басталған еді, аталған нысандар қазан айында толық аяқталады.

Сондай ақ облыс әкімінің орынбасары Жаңақорған кенті Қорасан Ата көшесінің бойындағы Балалар жылына орай жаңадан бой көтерген жастар саябағы құрылысында болды. Аталған саябақ осы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Аудан әкімдігінің кіші залында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов пен құқық қорғау органдарының басшылары құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тағы да басқа мәселелер бойынша аудан тұрғындарына қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында Қожакент, Жаңарық ауылдық округігің тұрғындары Б.Тұрғанбаев, О.Құрбанов жер мәселесі, Д.Досантаев ақылы жол, Кейден ауылдық округінің тұрғыны О.Жусипов қараусыз жүрген үй жануарлары жөнінде өз мәселелерін жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы және аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы құқық қорғау органдарының басшылары тарапынан тиісті қолданыстағы заңдылықтармен түсіндірме берілді. Көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын ұсынып, құқықтық кеңестер айтылды. Әрбір мәселе бойынша жеке-жеке тоқталып, тиісті жазбаша жауап берілетіндігі жеткізілді.

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасы аясында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Жаңақорған ауданында құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тағы да басқа мәселелер бойынша аудан тұрғындарына қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында Қожакент, Жаңарық ауылдық округының тұрғындары жер мәселесі, ақылы жол, қараусыз жүрген үй жануарлары туралы мәселелер көтерді. Облыс әкімінің орынбасары аудан тұрғындарының қоғамдық қабылдау кезінде көтерген мәселелерін жеке бақылауына алып, тиісті сала басшыларына қолданыстағы заң талаптары бойынша қолдау көрсетуді тапсырды.

Мұнан кейін Нұрымбет Сақтағанов еңбек ардагері Есалы Тұрсынбайұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанатына қатысып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Атап айтқанда Жаңақорған кенті “Маи бекеті”, “Ипподром”, “Саяжай” мөлтек аудандарындағы балалардың спорт алаңының құрылысымен, әлеуметтік нысандардың оның ішінде “Ақбота”, “Алпамыс”, “Болашақ” балабақшаларының алдағы жылыту маусымына дайындығы, “Маи бекеті” мөлтек ауданындағы жаңа мектептің құрылыс барысымен танысты.

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ.

Айта кетейік, Жаңақорған кентіндегі “Ақбота”, “Алпамыс”, “Болашақ” және “Арнайы” мемлекеттік балабақшаларының жылу қазандықтарын газ жүйесіне ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жылу маусымына дейін толық аяқталып, пайдалануға беріледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған