Қызылорда облысы инвестиция тарту, жұмыспен қамту мәселелері бойынша көш басынан көрінген кешегі Үкімет отырысында жастарды жұмыспен қамту мәселесіне де баса мән берілді. Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың айтуынша “Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастардың саны Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарында көп болып отыр. Сондай-ақ бұл өңірлерде мамандарға сұраныс та көп.

«Аталған облыстардың әкімдіктері жастарды оқытып, жұмысқа орналастыру мәселесін жеке бақылауға алсын, жастарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы жеткілікті ақпарат берілмейді. Сондықтан осы бағытта ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет» – деп тапсырма берді.

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімдігінде өткен жиында облыс басшысы Н.Нәлібаев – “100 мың жасты жұмыспен қамту Президент тапсырмасына сәйкес келесі жылы аймақта 6 мыңға жуық жасты жұмыспен қамту жоспарлануда, оның ішінде 3 мыңы бос жұмыс орындарына орналасса, 3 мыңы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылмақ. Нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9 пайызға дейін төмендейтін болады”, – деді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған