Ресми ақпарат бойынша: ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында рес­публикада барлық деңгейдегі педагог кадрларды даярлау жөніндегі шаралар талқыланған.

Соңғы жылдары педагогикалық бағыттар бойынша тағайындалған гранттар саны бірнеше есе өсіп,15 923-ке жеткен. Олардың құны да екі есе өскен. Студенттердің шәкіртақылары да көтерілді. Сондай-ақ педагогикалық мамандықтарға қабыл­дау талаптары күшейтілген.

Ал колледждер базасында педагогикалық мамандықтар бойынша 80 мыңнан астам сту­дент, олардың 43 мыңы мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда. Колледждер балабақша тәрбиешілерін, бастауыш сыныптары және қосым­ша білім берудегі, сондай-ақ еңбек пен музыка мұғалімдерін дайындайды.

Түлектер түгел орын тапты

Қызылорда облысы бойынша өткен оқу жылында педагогикалық маман­дықтар бойынша университетті 1856 түлек аяқтаса, оның ішінде 1042 түлек тұрақ­ты жұмысқа орналасқан, яғни 56,1%-ы, 62-сі оқуын әрі қарай магистратурада жалғастыруда.

Бұдан бөлек 1 мемлекеттік, 7 жекеменшік 8 колледжде 8 педагогикалық мамандық бойынша мамандар даярлануда. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 2059, ақылы негізде 1962, барлығы 4021 студент білім алуда.

2023 жылы педагогикалық мамандықтар бойынша 684 студент, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысымен 326-сы колледжді аяқ­тады. Оның ішінде 283 түлек тұрақты жұмыс­қа орналасты, яғни 41,1%-ы, 197-сі әрі қарай жоғары оқу орындарында оқуларын жалғастыруда.

Жұмысқа орналасқандары 283 (142), жоғары оқу орындарына түскендер 197 (138), әскерге кеткендер 12 (6), бала күтімі бойынша демалысқа шыққандар 38 (13).

2023-2024 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар педа­гогикалық кадрлар даярлауға 400 грант бөлінді.

Үкімет жиынында облыс әкімі Н.Нәлібаевтың сөйлеген сөзінен

– Бүгінде шамамен 5 мың педагог жетіс­пейді. Жыл сайын 50 мыңға жуық жас маман университет бітіріп шығады. Алайда олардың көпшілігі өз кәсібі бойынша жұмыс істемейді. Мұның себептері әртүрлі

Мұғалімдердің жалақысын көтердік, олар­ды қосымша жүктемелерден, артық есеп беруден босаттық. Ағартушылық салаға дарынды жастарды тарту бойынша шаралар кешені қабылданды. Педагогикалық жоғары оқу орындарына түсуге қойылатын талаптар күшейтілді. Мұның барлығы – дұрыс

Алайда мектептерде оқыту процесінің күрделі болуы, шамадан тыс талап қою және қалыптасып қалған “бәріне мұғалім кінәлі” деген қоғамдық пікір осы мамандыққа деген қызығушылықты төмендетіп жіберді. Сон­дықтан мемлекет мұғалім мамандығын қалай­тын жастарды одан әрі қолдайтын болады.Жергілікті жерлердегі кадр тапшылығын азайтудың тиісті өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, 15 ақпанға дейін қабылдау керек, — деді Үкімет басшысы Ә.Смайылов.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған