ӨҢІРЛЕР МЕН АСТАНА АРАСЫНДАҒЫ ТЕҢГЕРІМСІЗДІКТІ АЗАЙТУ КЕРЕК…

Үкімет басшысы Ә.СМАЙЫЛОВ:

– Мұндай көрсеткіштердің басты себебі – ауруды кеш анықтау. Сізде ең жаңа жабдықтар мен дәрі-дәрмектер, заманауи ауруханалар болуы мүмкін, бірақ ауруды ерте сатысында анықтай алатын жоғары білікті мамандар қажет. Сондай-ақ халықпен үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізу қажет.

Өңірлерде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажет. Бұл қалалық және ауылдық тұрғындар, өңірлер мен Астана арасындағы медициналық қызмет көрсету деңгейіндегі теңгерімсіздікті азайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстандықтар диагноздың кеш анықталуы, жергілікті жерлерде медициналық мекемелердің нашар қамтамасыз етілуі, медицина қызметкерлері мен дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне шағымданады. Мұның бәрі онкологиялық аурулардан өлім-жітімнің жоғары болуына әкеп соғады.

Бұл өте маңызды мәселелер, оларды жүйелі түрде шешу қажет. Адамдардың отандық медицинаға деген сенімін, олардың тұрақты тексеруден және сапалы емдеуден өту қажеттілігін қалпына келтіру керек. Ол үшін біз жаңа онкологиялық клиникалар саламыз, жабдықтар мен дәрі-дәрмектер сатып аламыз, заманауи емдеу әдістерін енгіземіз. Бұған онкологиялық аурулармен күресудің жаңа кешенді жоспары да бағытталған.

Адамдарды өз денсаулығына мұқият болуға, үнемі тиісті тексерулерден өтуге сендіру керек. Ол үшін денсаулық сақтау және ақпарат министрліктері әкімдіктермен бірлесіп кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізуі керек.

Қазақстанда халыққа онкологиялық көмек көрсету шараларын күшейту мәселесіне арналған Үкімет жиынынан

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған