1 маусымнан бастап Люксембургтің жүк тасымалдаушы әуе компаниясы Cargolux Airlines International Қазақстан арқылы ұшуларын қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Компания аптасына 14-ке дейін транзиттік рейс орындауы мүмкін.

Әзірге әрбір рейс бойынша толық ақпарат жарияланған жоқ.

Еске салсақ, Cargolux Airlines International Қазақстан арқылы ұшуларын 2007 жылы бастаған. 2023 жылы компания авиаотын бағасының жоғары болуы және коммерциялық жағдайлардың нашарлауына байланысты республика арқылы транзиттік рейстерін тоқтатқан еді.

Cargolux Airlines International – Люксембургтегі ең ірі жүк әуе компаниясы және Еуропадағы жетекші жүк тасымалдаушылардың бірі.

Компания 90-нан астам бағыт бойынша тұрақты және чартерлік жүк тасымалдарын жүзеге асырады. Оның әуе паркінде 30 жүк ұшағы бар.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған