Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады.

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған тегін байқау сынақтарын іске қосты. Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі. 

Байқау сынағы оқуға түсушілерге ҰБТ-ға дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Талапкерлерге ҰТО сайтында https://prob-ent.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін тестіленушілерге тек ЖСН теріп, бейіндік пәндердің комбинациясын таңдап, байқау сынағына кірісу қажет. 

«Екінші жыл қатарынан Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындық үшін тегін байқау сынақтарын іске қосып отыр. Өткен жылы бұл тестілеу 2 млн рет тапсырылған еді. Байқау сынағын өткізу технологиясы негізгі ҰБТ технологиясына сәйкес келеді. Яғни талапкерлерге калькулятор, периодтық кесте және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді. Сонымен қатар болашақ студенттер тест тапсырмаларының өзгертілген құрылымымен таныса алады. Бүгін біз тестердің 1 нұсқасын іске қостық, жақын арада база жаңартылатын болады», – деп атап өтті ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Білім деңгейін тексергісі келетіндер үшін ҰТО сайтында ақылы онлайн тестілеу де іске қосылды. Тестерді https://app.testcenter.kz/ сілтемесі арқылы тапсыруға болады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған