Ал 2022 жылы 190 офицерді әскер қатарына шақыру жүргізілді.

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, 2024 жылы 752 запастағы офицерді әскер қатарына 24 ай мерзімге шақыру жоспарланып отыр. Әскерге әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер шақырылады. –

Офицерлер келесі әскери қызметтерге тартылады:

ҚР Қарулы Күштері – 600 адам;

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам;

ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 42 адам;

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі – 30 адам. 

Еске салайық, Қорғаныс министрлігі 2023 жылы запастағы 345 офицерді әскерге шақырса, 2022 жылғы көрсеткіш 190 болатын. 

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған