Жаңадан тағайындалған Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет басшысы болып сайланған Мәжілістің жалпы отырысында: «Өздеріңіз білетіндей, мемлекет басшысы еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласын дамыту бағытында бірқатар ауқымды тапсырма берді. Аталған тапсырмалардың барлығы мүлтіксіз орындалады. Бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер дәуірінде зор экономикалық серпіліс жасауымыз керек. Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында үкімет батыл әрі тиімді қадамдар жасайды».

Өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беріледі. Мұнай-газ және көмір химиясы, металды терең өңдеу, машина жасау, автобөлшектер шығару, яғни жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын салалар барынша дамиды. Отандық өндірісті ынталандыруға бағытталған нақты шаралар қабылданады.

Сондай-ақ реттелетін сатып алу аясында Қазақстанда жасалған тауарлардың үлесін арттырып, отандық өндірушілерді қолдау мақсатында офтейк жүйесін толық іске қосу жоспарланып отыр. Басты мақсат — басқа елдің емес, ұлттық бизнесті қолдау.

Ауыл шаруашылығы саласының зор әлеуетін дұрыс пайдалану маңызды. Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеуге назар аударамыз. Электр қуаты, жылу әрі сумен қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыс атқарамыз. Тиімсіз шығындарды қысқартып, үнімделген қаражат инфрақұрылымды жаңартуға бағытталады.

Бұдан бөлек, көлік-логистика саласын дамытып, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру да үкімет жұмысындағы басымдықтардың бірі болмақ. Цифрландыру, жасанды интеллектінің қолдану саласын кеңейту, есептеу қуаттарын ұлғайту да – аса маңызды міндеттер.

Мемлекет басшысы белгілеген заң мен тәртіп қағидатын жүзеге асыруға бағытталған шаралар қабылдаймыз. Басқа да халықтың көкейінде тұрған өзекті мәселелер үнемі үкіметтің назарында болады. Үкімет халқымыздың игілігіне, еліміздің өркендеуіне қызмет етеді», – деді.

Биылғы жылдың 6 ақпанында Олжас Бектенов Премьер-министр қызметіне тағайындалды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған