Қала әкімінің тұрғындармен кездесуі Қызылжарма ауылдық округінде жалғасты. Бүгінде Қызылжарма елді мекенінде республикалық, облыстық және қалалық бюджет есебінен 1 млрд. 288,6 млн. теңгенің жұмыстары атқарылуда. Қалалық бюджеттен бөлінген 8,6 млн. теңгеге Р.Батырбаев №2 көшесінде орналасқан 5 қабатты жатақананың кәріз желісін орталықтандырылған кәріз желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде. 2-ші көтеру насос станциясынан Әл-Фараби көшесіне дейінгі ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарына қалалық бюджеттен 0,8 млн. теңге бөлінді. Жалпы сыйымдылығы 1440 текше метр 3 ұңғыма бұрғылау құрылысы жұмыс жобасының сараптама қорытындысын алуға қалалық бюджеттен 1,3 млн. теңге бөлінді. «Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округіне дене шынықтыру -сауықтыру кешені құрылысы» жобасының сараптама қорытындысын алуға қалалық бюджеттен 2,5 млн. теңге бөлінді.

Тұрғындармен кездесу барысында Асылбек Шаменов және қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев жергілікті тұрғындарға ауылдық округтің жаңа әкімін таныстырды. Айта кету керек, 17 қыркүйек күні Қызылжарма ауылдық округі әкімінің сайлауы өткен болатын. Сайлауға өзін-өзі үш кандидат ұсынды. Округ бойынша 6 294 сайлаушының 5 067 өз таңдауын жасады. Сайлау қорытындысы бойынша Шәріп Әбдірахманов 4 174 дауыс жинады. Тұрғындар тарапынан сұрақтарға қарағанда мақтау, мадақ көп болды.

P.S. ҚАНДАЙ БОЛСА ДА ӘКІМДЕРДІ МАҚТАУДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕТІН АУЫЛДАР БІЗДЕ АЗ ЕМЕС…

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған