Мұнан кейін келесі кездесу Қосшыңырау елді мекенінде жалғасты. Бүгінде республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 662,7 млн. теңгеге Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай, Досан елді мекендеріне газ құбыры желілерін салу жұмыстары жүргізілуде. Бұл елді мекенде республикалық және облыстық бюджет есебінен 1 млрд. 168,1 млн. теңгенің жұмыстары атқарылуда. Ауылдық округтегі 16 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық және облыс бюджеттен 195,5 млн. теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Абай ауылының Маханбетов, Ш.Қоянов көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салуға республикалық бюджеттен 54,3 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Атқарылып жатқан жұмыстарды айтып болғаннан кейін шаһар басшысы бірден сұрақ-жауапқа көшті.

Ауылдық округ тұрғыны қала әкіміне қоғамдық көлік мәселесін жеткізді.

– Ауылымыздың автобусы үлкен болса деймін. Қалаға оқушылар барады, студенттер университеттеріне барады. Жақында бір жағдай орын алды. Мектепте оқитын қызымыз үйге жылап келді. Сөйтсе автобуста орын болмай қысылып, аяғын басып кетіпті. Үлкен сыйымдылығы бар автобус берсеңіз. Сосын сол автобус қаладағыдай жүрсе екен дейміз,-дейді ауыл тұрғыны.

– Қоғамдық көлікке байланысты биыл 150 автобус келеді. Қазір сол автобустарымыздың жартысы келді. Енді қалғаны қараша айының аяғында келеді деп жоспарлап отырмыз. Осы мәселелердің бәрін рет-ретімен шешетін боламыз,-деді қала әкімі.

– Абай ауылында жарық нашар. Кішкене дауыл соқса жарық сөніп қалай береді. Адамдар үйлерінен шыға алмай қалды. Абай елді мекеніндегі Абай және Бейбітшілік көшелері елді мекендегі ең үлкен көшелер. Жарықты дұрыстап берсеңіздер,-деді Абай елді мекенінің тұрғыны.

– Сұрағыңыз түсінікті. Жарық мәселесін шешуге жобамыз бар. Алдағы уақытта тиісті адамдарға тапсырма беремін. Мәселелеріңіз шешілетін болады,-деді Асылбек Шаменов.

Мұнан бөлек ауылдық округ тұрғындары жарық мәселесі, автобус мәселелерін көтерді. Шаһар басшысы мәселе рет-ретімен шешілетінін жеткізді.

P.S. Көлік мәселесі көтерілмейтін кездесу бар мА?

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған