Бұған дейін Қазақстанда коммуналдық тарифтер айтырлықтай қымбаттағаны белгілі болған еді.

Биыл елімізде сұйытылған газ 5-8 теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жыл сайын сұйытылған газ бағасын өсіруді жоспарлап отырмыз. Биыл өңірлерге байланысты сұйытылған газ бағасын шамамен 5-8 теңгеге арттырамыз. Осы жылғы көктемде министрліктің жоспарында өсім қарастырылған, – деді Алмасадам Сәтқалиев Астанада өтіп жатқан министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда коммуналдық тарифтер айтырлықтай қымбаттағаны белгілі болған еді.

Фото: Abai.kz

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған