Бүгін «AMANAТ» партиясы Қызылорда қалалық филиалында Жорабек Нұрымбетов пен Айгүл Мұсабаеваның төрағалығымен «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» жобасы талқыланды. Кездесуге облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары, қалаға қарасты ауылдық округтердің әкімдері, қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің өкілдері қатысты.Қазіргі таңда «Ауыл аманаты» жобасы аясында қалаға қарасты Ақсуат, Қосшыңырау, Қызылжарма ауылдары пилоттық жоба ретінде танылып, әр ауыл өздерінің жобаларын ұсынуда.Нәтижесінде, ауылдықтар 2,5 пайызбен несие алып, кооператив құрып, ауыл халқының табысын арттыруға сүбелі үлесін қоспақ. Бұл тұрғыда қызылордалықтарға Жамбыл облысындағы пилоттық жобалар негізінде тәжірибе алмасу жүргізілмек.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған