«Тағзым» алаңында батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті.
Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев және «Ерлік» үйлестіру кеңесінің төрағасы Қайраддин Баймаханов сөз алып, азаматтық борышын өтеу жолында қапыда қаза болған жауынгерлердің жарқын бейнесі ұрпақ жадында жаңғырып, ерліктің үлгісі болып қала беретінін атап өтті.
Шара барысында батырлар рухына бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Гүл шоқтары қойылып, құран бағышталды.
Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар