«Тағзым» алаңында батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті.

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Марха­бат Жайымбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев және «Ерлік» үйлестіру кеңесінің төрағасы Қайраддин Баймаханов сөз алып, азаматтық борышын өтеу жолында қапыда қаза болған жауынгерлердің жарқын бейнесі ұрпақ жадында жаңғырып, ерліктің үлгісі болып қала беретінін атап өтті.

Шара барысында батыр­лар рухына бас иіп, 1 ми­нут үнсіздікпен еске алын­ды. Гүл шоқтары қойылып, құран бағышталды.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған