Бүгін Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен семинар сабағы өткізілді.
Семинарға Департамент басшысының орынбасарлары Е.Бөрібаев, М.Асанова, бөлім басшылары, сот әкімшілерінің басшылары, сот мамандары, Қызылорда облысының мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы А.Әлімбай, дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы А.Ерубай қатысты.
Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл М.Асанова семинар сабағын ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің өзектілігіне тоқталды.
Қызылорда облысының мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы А.Әлімбай жеке тұлғалардың декларациясын тапсыру мәселелері бойынша баяндама жасап, осы тақырып аясында негізгі мәселелерді тілге тиек етті.
Дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы А.Ерубай бүгінгі қоғамдағы дін мәселесіне тоқталып, жиынға қатысушыларға дін туралы мәліметтерді ресми ақпарат құралдарынан алудың маңыздылығын жеткізді.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.