Сырдария  аудандық сотында алдын ала сөз байласу арқылы заңсыз балық аулаған сотталушылар А. және У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сырдария ауданының прокуроры мен күдіктілер А. және У.-ның арасында кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалып, осыған байланысты іс келісімдік іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Сот отырысында сотталушылардың Сырдария ауданына қарасты «Қалғандария» каналынан заңсыз балық аулағаны анықталған.

Сот үкімімен сотталушылар А. және У.  ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі 4) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға балық аулау қызметімен айналысу құқығынан айырыла отырып, оларға 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

                                           Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған