«Ұрлық түбі – қорлық» демекші, мұндай қылмысқа барудың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны бесенеден белгілі. Өкінішке орай, кейбір жандар оны білсе де, осындай теріс әрекетке барып жатады.

Мәселен, Арал аудандық сотында өзгенің мүлкін тұрғын үй құрылысы нысандарына заңсыз кіру арқылы бірнеше рет жасырын жымқырып,  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 2),3)-тармақтарымен айыпталған М., Қ. және Ә-нің қылмыстық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, олар алдын ала сөз байласу арқылы салынып жатқан тұрғын үй құрылысы нысандарына заңсыз кіру арқылы, бірнеше рет цементтер ұрлаған. Нәтижесінде, жәбірленушілердің біріне 44 440 теңге, екіншісіне 7400 теңге мүліктік шығын келген. Қылмыстық заңнамаға сәйкес, бұл қылмыстық әрекеттер ауыр қылмыстар санатына жатады.

Сотталушылардың қылмыстық іс-әрекеттері оқиға орнын қарау хаттамаларымен, беттестіру және айғақтарды оқиға орнында тексеру мен нақтылау хаттамаларымен, сараптама қорытындыларымен және іс бойынша басқа да дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденген.

Сот үкімімен сотталушылар ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2),3)-тармақтарымен кінәлі деп танылып, мүліктерін тәркілеусіз, 2 жылға бас бостандықтарын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған