Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылып жатқан игілікті істердің бірі – орталық алаңды абаттандыру жұмыстары.

Жоба бойынша субұрқақтары аумағына брусчаткалар, жолжиек тастар орнатылады. Жарықдиодты шамдар қойылып, газондар, көпжылдық жасыл көшеттер отырғызылады. Сонымен қатар, шағын архитектуралық пішімдемелер орналастырылады. Ы.Жахаев көшесінің Қорқыт ата көшесінен орталық алаңға дейінгі аралығы да толықтай абаттандырылады.

Аталған жұмыстар барысында Орталық алаң аумағынан алынған бастапқы кеспе тастар қаладағы жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандар мен білім ордаларына үлестіріліп берілуде.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған