«Барлығы да, Поэзия, сен үшін», – деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағали Мақатаевтың бүгін туған күні.  Шындығында, Мұқағали бойындағы  тамаша талантын жұртына арнаған.

Ақынның туған күні – 9 ақпан. Бұл күн қай жерде болмасын жыл сайын  ақпан айында тойлана беретіні хақ. Міне, осы мақсатта Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68  мемлекеттік мекемесінің жеке құрам қызметкерлері арасында әдеби-сазды кеш өтті.

Шығармашылық кешке Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда  облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әдіскер мамандары Айгуль Бакирова мен  Светлана Ильясова кітап көрмесімен таныстырып, ақынның өмірінен біршама мағлұматтар берді.

Шара барысында жеке құрамның бірнеше қызметкері ақиық ақынға арнап өлең шумақтарын оқып, ақын туралы өзгеде тың ақпараттарымен бөлісті. Сондай-ақ, шара соңында Ә.Тәжібаев кітапханасының әдіскері Айгуль Бакирова Мұқағали ақынға арналған кітап көрмесімен таныстырып, жазушыға арнап шығарған журналдармен бөлісті.  Сонымен қатар, белсенділік көрсете білген жеке құрам қызметкерлері мен тергеу мекемесіне кітапхана тарапынан  35 дана кітап сыйға тарту етілді.

Бүгінгі Мұқағали Мақатаев атамызға арналған әдеби-сазды кешімізге арнайы уақыттарын бөліп келген кітапхана әдіскерлеріне өз алғысымызды білдіріміз. Сонымен қатар, жеке құрам қызметкерлері әдеби қорға байып, ақынның шығармаларынан өздеріне қажетті мағлұматтар алып, өз белсенділіктерін көрсете білді,- деп сөзін тәмамдады №68 мемлекеттік мекемесінің кадр жұмысы тобының аға инспекторы әділет капитаны Д.Шахи.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған