Қызылорда қаласында қала күнін мерекелеу аясында «Үздік Аула» байқауын өткізу дәстүрге айналған үрдіс. Биыл бұл байқау алтыншы мәрте өткізілуде.

Байқау шартына биыл өзгерістер енгізіліп, жасыл-желекті көпқабатты тұрғын үйдің ауласына ғана емес, жеке тұрғын үйдің сыртқы аумағына да өз еңбегімен еккен қала тұрғындары қатыса алады. Ол үшін инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілері арқылы #Qzo #Qyzylorda #Үздікаула2023 хэштегтерін міндетті түрде пайдалана отырып, «Сүйікті қалам – Қызылорда» тақырыбында жылы лебізін жолдап, көгалдандырудағы тәжірибесімен бөлісіп, өз парақшасында сапалы суреттер мен 16:9 форматындағы видеоны жариялау қажет.

Байқауға материалдар 19 маусым мен 31 тамыз аралығында қабылданады.

Байқаудың қорытындысы комиссия шешімен анықталып, қала күніне арналған салтанатты іс-шарада марапатталады. Бұған дейін жеңімпаз атанған аулалар байқауға қайта қатыса алмайды. І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар күтеді.

Байқауға қатысты барлық сұрақтарды қалалық қоғамдық даму бөлімінің маманы Әсел Бақытбекқызынан 8 707 774 7606 телефон нөмірі арқылы білуге болады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған