Кеше Аягөздегі түрғын үйлердің бірінде газ баллон атылып, бірден 4 бала қайтыс болды. Үйдің отағасы бұл кезде жұмыста болса, анасы базарға сүт сатуға шыққан деседі. Өте ауыр жағдай. Ешкімнің басына бермесін. Аллам панасына алсын. Барлық Аягөз халқына қайғыра көңіл айтамыз.
Аягөздегі оқиға бойынша соңғы деректер
Бір күнде төрт баласынан айырылған әке-шешесі ессіз, талып жатыр. Әкесі Аягөздегі «Қазығұл» жекеменшік ауруханасында жедел жәрдем көлігінде шопыр болып қызмет істейді. Алатын айлығы 120 мың теңге
Шешесі жұмыссыз. 2019 жылы 1-2 квартал ғана АСП алған. Сосын қолдарыңда мал бар деп, АСП дан «өз еркіммен бас тартамын» деп жазғызып алған. 2019 жылдан бері АСП алмайды. АСП алмайтын себепті шешесі сиыр сауып, базарға сүтін сатып отырған. Төрт баланың біреуі мүгедек болыпты деп жатыр. Ақпарат нақтылауды қажет етеді.
АСП-ны қолыңда малың болса ала алмайсың деген жерін алып тастау керек. Қазір малдың жем-шөбі өзінің құнынан да асып кетеді. Одан келетін қандай кірісті көріп отыр?

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған