• Еліміздің ең басты мейрамы Республика күні – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн.

• Мемлекетіміздің жетістіктерін қаперден шығар май, үнемі айтып жүру керек. Өйткені оның бәрі – Қазақстанның шынайы егемендігінің жемісі. Соны мен бірге, әрине, қателіктер де болды. Оны ұмыт паған жөн. Қазақстанның тұрақты дамуын қамта масыз ету үшін одан қорытынды жасалуға тиіс.

• Үкімет пен әкімдер Мемлекет басшысының тиісті нұсқауларын, тапсырмаларын мүлтіксіз орын дауға міндетті. Бұл жұмыс Парламенттің жіті бақылауында болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, эконо микалық өзгерістердің игілігін жақын арада еліміздің барлық азаматы көруге тиіс.

• Қазақстан егемен мемлекет ретінде әрдайым ұлттық мүддеге сай келетін салмақты әрі сындарлы сыртқы саясат жүргізеді. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейтін аймақтық және жаһан дық үдерістерде маңызды рөл атқарады. Біз әлемдік діндердің бір бірімен жақындасып, сын дарлы диалог орнатуына күш саламыз. Қазір гі заманда мемлекеттердің ұжымдасып күш жұмыл дыруы және дипломатияны даналықпен әрі жоға ры кәсібилікпен жүргізуі әлемде ұзақ уақыт бойы тұрақтылық орнауына, елдердің жаппай дамуына, БҰҰның Жарғысына негізделген әділетті халық аралық қатынастар жүйесі құрылуына жол ашады. Қазақстан «елдің ішінде де, айналасында да бейбіт шілік», «әралуандық арқылы – бірлікке» деген қағи даттарды әрдайым берік ұстанады.

• Қазақстанның алдында бұрынсоңды болмаған жаңа сынқатерлер тұр. Осы күрделі кезеңде мем ле кетіміздің орнықты дамуы өте маңызды. Біз болашаққа сеніммен қараған біртұтас Қазақ елін күллі әлемге танытуымыз керек. Егемендікке қол жеткізу оңай емес, ал оны сақтап тұру тіпті қиын. Шын мәнінде, тәуелсіздік – бәрінен қымбат.

• Тәуелсіздікті сақтау бұл – ең алдымен, тұтас ұлттың жауапкершілігі. Біз егемендікті тыным сыз еңбекпен, мызғымас бірлікпен күн сайын қорғауы мыз керек. Ең бастысы, еліміздегі тұрақтылықты сақ тауымыз қажет. Себебі тыныштық болмаса, басқаның бәрі бекер.

• Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Саяси және әлеуметтікэкономикалық реформа қоғамдық сананың түбегейлі өзгерісіне ұласуы керек. Мен Түркістанда өткен Құрылтайда сөйлеген сөзімде жаңа қоғамдық этика туралы айттым. Алқалы жиыннан соң Құрылтайдың кейбір мүшелері маған өз ұсыныстарын жолдады. Олар елімізде құндылықтар жүйесін қалыптастыру қажеттігіне назар аударуда. Шын мәнінде, мұны өте маңызды бас тама деп ойлаймын. Оны жанжақты талқылап, қарастыруымыз керек.

• Мен бұған дейін Адал азамат ұғымын ұсындым. Осы орайда, жастарымызға арнайы үндеу жолдағым келеді. Елімізде жүзеге асырылып жатқан әрбір бастама, ең алдымен, сіздерге арналады. Қазіргі реформалардың игілігін көретін де, елдік істерді жалғастыратын да – сіздер.

• Бүгінгі жастарды Қазақстанның келбеті деуге болады. Шын мәнінде, кез келген мемлекетті тұр ғын дарына қарап бағалайды. Яғни, біздің қандай ел боларымыз өскелең ұрпаққа байланысты. Сон дықтан жастарымыз отаншыл, білімпаз, еңбекқор, үнемшіл, әділ әрі жанашыр болуы қажет. Жастар спортпен, дене шынықтырумен айналысуы керек. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. Осы құндылықтарды барынша насихаттап, тарату қажет. Сонда жеке адамның қасиеті тұтас ұлттың қасиетіне айналады.

• Жастар кез келген өзгеріске бейім болады. Әр нәрсені бойына тез сіңіреді. Мен сіздерді жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге шақырамын. Ұлы Абай айтқан бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болыңыздар. Сіздер дәріптеген құндылықтар қоғамда тез орнығады. Сіздер қолдаған өзгерістер жылдам жүзеге асады. Бәріміздің тілегіміз – бір, бұл – қоғамымызда жаппай әділеттік орнату. Ендеше, мақсатымызға бірге жетейік. Мен жас ұрпақтың жасампаздық қуатына сенемін. Өздеріңіз сияқты саналы ұлқыздары бар Қазақстан өркениет көшінің басында болары сөзсіз.

• Мемлекеттілік тұғырын нығайта түсу үшін заң үстемдігін орнықтыру өте маңызды. Әділетті Қазақ станды құру үшін құқықтық мәдениетті дамыту қажет. Заңсыздық, тәртіпсіздік, мәдениетсіздік елді жарға жығады. Мұндай жағымсыз үрдістерге бүкіл қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Ал тәр тіпке бағынған қоғам өркениетті болады. Бұл – заң ды лық. Әр азамат еліміздің заңын құрметтесе, бе рекебірлік те, бақуатты тұрмыс та болады. Яғни, Заң толығымен орындалса, төрт құбыламыз түгел болмақ.

(Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінен ықшамдалды)

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған