Қазалы ауданында Ұлы Жеңістің 78 жылдығы мерекесі қарсаңында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалықты жанына серік еткен қазалылықтар Әйтеке би кентінің шет аймақтарына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Атап айтсақ, “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” автодәлізі, Батыс теміржол өткелінен – кіреберіс қақпаға дейін және Жанқожа батыр көшесінің бойындағы қоқыстар жиналды.

Серпінді сенбілікке аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, қазалылықтармен бірге туған жердің таза болуына, қоқыссыз орта қалыптастыруға өз үлесін қосты.

Жергілікті жердің тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері қатысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған