7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекелері қарсаңында аудан әкімі Жандос Еркінбек аудандық мәслихат төрағасы және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасымен бірге Вьетнам соғысының ардагері Бисенов Иса ағайдың отбасында болып айтулы мерекелермен құттықтады.

Ардагер отбасында аудан әкімі «Жеңіс символы» лентасын ардагер омырауына тағып, құттықтау хат беріп, сый-сияпат табыстады.

Иса Бисенов 1942 жылы туған.

Вьетнам елінің басынан өткен тағдырлы кезеңдерінде әскери қызметте болып, Отан алдындағы борышын адал атқарып, үлкен беделге ие болған ардагер.

Өзінің кәсіби біліктілігі мен жинақтаған тәжірибесінің арқасында ауданның денсаулық сақтау саласында абыройлы қызмет атқарып, қазіргі таңда бейнеттің зейнетін көріп отырған ардақты әке, ойып алар өзіндік орны бар құрметті қария.

Келелі отырыста ардагер аудан әкіміне және бірге құттықтап келген азаматтарға шынайы алғысын білдіріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарып жатқан қызметтеріне абырой тілеп, ақ батасын берді.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған