Арал ауданында екі айлық тазалық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалық шаралары өз деңгейінде атқарылғанымен шеткі көшелер мен сырт аймақтарда, қала сыртында белігеленбеген жерлерге қоқыс тастау фактілері тиылмай тұр.

Санитарлық штаб жиынында аудан әкімі Серік Сермағамбетов «Осы кезге дейін қаншама аумақ қоқыстан тазартылып, реттелуде. Дегенмен тазартылған аймақтардың бірнеше күн өтпей жатып қайта ластану фактілері тиылмай тұр. Сондықтан, әр аумақтың тазалығын көздің қарашығындай сақтап, тәртіпті бұзған тұрғындарға қатаң шаралар қабылдауды полиция бөліміне тапсырамын. Қатаң шаралар көріліп, темірдей тәртіп болмайынша бұл жұмыс өнбейді» деген болатын.

Аудан әкімінің тапсырмасына сай, мемлекеттік мекемелер мен полиция бөлімі рейдтік шаралар жүргізіп, белгіленбеген орынға бей-берекет қоқыс тастауды әдетке айналдырған тұрғындарға заң шеңберінде шаралар қабылдауда. Сонымен қатар төрт түлігін бей-берекет қала көшелеріне жіберген азаматтарға да әкімішілік айыппұл салынды.

Қала тазалығын сақтауға байланысты рейдтік шаралар ендігі кезекте тәулік бойы жүргізілетін болады. Сондай-ақ тәртіпке бағынбай ортақ үйді ластағандар жауапкершілікке тартылып, БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланып, заң аясында айыппұлдар салынатын болады.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған