Қожакент ауылындағы “Нұрбол-И” шаруа қожалығының егістігінде “Дала күні” аталып, жерге дән себілді. Аудан әкімі, облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы, аудандық мәслихат депутаттары, жауапты сала мамандары, аудан ардагерлері мен диқан қауым түгел бас қосып, керемет сәттің куәсі болды.

Биыл жаңақорғандық дала еңбеккерлері егіс көлемін еселеп, мол өнім алуға ниетті. Биыл диқан қауым 37 781 гектарға егiс егу межелесе, соның 8 мың гектары күрішке бағытталмақ. Жалпы ауданда ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын 781 шаруашылық құрылымдарының 485-і егін шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде 175 шаруашылық күріш өсіргелі отыр.

Алдымен аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев биылғы жоспарды баяндап, межені айқындады. Шаруашылық төрағасы Изатулла Үсенов қожалықтағы егін-жайдың жайын жүйеледі. Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов пен облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқарма басшысы Талғат Тұрсынұлы Дүйсебаев егіншілерге сәттілік тілеп, дала жұмысын табысты түйіндеуге тілеулестік білдірді.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған