Еліміздің солтүстігінде — нөсер жаңбырмен қоса бұршақ жауады, қатты жел тұрады.
«Қазгидромет» синоптиктері 17 маусым, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Сондықтан найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл соғады.
Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды. Республика бойынша жел күшейеді.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай облыстарында, Ұлытау мен Атырау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында аптап ыстық сақталады.
Ұлытау, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Ақмола, Жетісу, Абай, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында жоғары өрт қаупі бар.
Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.