Көңіл күй әрқалай. Бірде жаз, бірде күз дегендей. Бір оқпен екі қоян да алғыңыз келеді. Алайда, ол оңай емес. Артық етемін деп тыртық етуіміз мүмкін.
Жаздың соңғы айы. Күн қызуынан әлде де қуат алып, күн нұрына шомылып қысқа қуат жинайтын кезең.
Көп жұмыс істей бермеңіз, алайда шаруаны да шайқап алмаңыз. Білім көтеруге, өз-өзін дамытуға қолайлы кезең. Жаңа кәсіп бастаңыз. Шет тілін үйреніңіз. Жаңа ақпараттық бағдарламаларды, технологияларды меңгеріңіз. Махаббат ауылы да алыс емес. Саяхат та жоқ емес.
Денсаулық пен қаржыға назар аударыңыз. Жоспарланбаған шығын, тіпті ұрыс та болуы мүмкін.
Кейбіреулер өмірге басқа қырынан қарап, өмірімізді өзгерткіміз келеді. Ең бастысы сескенбеу керек. Тәжірибиеден бас тартпаңыз
Тоқты. Әрине жаз аяқталып келеді, алайда жақсы әсерлер, тәтті сезімдер жалғаса береді. Позитивті сәттер өте көп, пайдалы жаңа таныстықтар да жетерлік. Егер де тағдыр сыйлап тұрған мүмкіндікті қолдап шығарып алмаса, көп жетістікке жетуге болады. Өміршең болған дұрыс, алайда қанша дегенменен жаздың соңғы айы, нақты жағдайдан алшақтамай, бәрін саралап, талдай біліңіз. Ақ-қарасын, жақсы-жаманын ажыратыңыз.
Жоспарды жүзеге асыруға батыл қадам жасаңыз, ынта жоқ деп жар жолдан тоқтамаңыз. Дәл казір жақын жандарға өте абай болыңыз. Олардың өздеріңізге қаншалықты қымбат екенін бағалай біліңіз. Адамдармен қарым-қатынаста кең, ашық, кешірімді болыңыз. Кейде “Аңдамай сөйлеген ауырмай өлетінін” ұмытпаңыз. Жақсы жаңалықтарға жол ашылады. Өз-өзіңізді әр алуан шарттармен, түсініктермен шектемеңіз. Жаңа адамдар үшін бұрынғыларды ренжітпеңіз. Өкініп қаласыз.
Қолайлы күндер 17, 23. Қолайсыз күндер 21
Торпақ. Жаздың соңғы айы тыныш. Ешқандай ауыртпалық, шаршау жоқ. Күз қарсаңында жақсылап демалып, көңіл сергітіп, бойға қуат жинау мүмкіндігі бар. Алайда, жаз қызығына тоймай, тек демалып, тамашалап жүргеннен бөлек, әрекет те ету керек. Сәттілік өз жағыңызда. Жаңа іс бастаңыз, тым болмаса дайындығына кірісіңіз.
Қолдағы көгершінге мәз болып жүре бермей, көктегі тырнаны қолға қондыруға тырысыңыз. Ескілікке берілгендігіңізден көптеген мүмкіндіктерді жіберіп аласыз. Ал, қазір сәттілік есік қағып тұр. Тәуекел етпесеңіз жеңіс дәмін сезінбейсіз. Әрекет етіңіз.
Қаржы мәселесінде бәрі тұрақты. Салмақты шығын, күтпеген зардап, қаржы шығыны жоқ. Ақша түсімі тұрақты, жақын адамдарыңыз да көмектесуге дайын. Алайда, көрсе – қызарлығыңыз оянып, жинақтаған қаржыңызды шашып төгесіз. Ұқыпты болыңыз. Сараңдығыңыз бен есепшілдігіңіз қосымша, шамалы болса да қаржы келтіреді.
Ақшаға сонша құмар болуға болмайды. Достарыңызбен, туысқандармен арада түсінбестік болуы ықтимал.
Қолайлы күндер 17, 18. Қолайсыз күндер 22, 28.
Егіздер. Асығудың керегі жоқ. Жайма-шуақ жаз айы. Жеке өміріңізде де, карьерада да ұмтылыс жоқ. Өз қалауыңызды өзіңіз де түсінбейтін сияқтысыз. Содан да айналаңыздағылар да ойыңызда не бар екенін түсінбей, дағдарып жүр. Өзіңіз шешуін табуға қызығатын жұмбақ та бар.
Жұмыстан гөрі демалуға көп уақыт арнайсыз. Жақын адамдарыңызға көңіл бөліңіз. Дау-дамай да болмай қалмайды.
Ақша мәселесінде оң өзгерістер жоқ. Тәуекелге бармаңыз. Осындай мамыражай тыныш кезең жаңа жобаларды да жүзеге асыру үшін күш қуат жинауға қолайлы сәт. Маңызды құжаттармен жұмыс істеңіз. Еңбекқорлығыңыздың арқасында ешқандай қате жібермейсіз, басшылық құрметіне бөленесіз. Қосымша табыс та болуы мүмкін.
Қолайлы күндер 17, 23. Қолайсыз күндер 22, 27.
Шаян. Демалыңыз. Өзіңіз үшін өте жақсы кезең. Барлық проблемалар артта қалып, алдағы болашаққа жаңа жоспар құратын уақыт. Немен айналысатыныңызды әрине өзіңіз шешесіз. Жеке өміріңізге көңіл бөліңіз. Қызықты кезеңдер болады.
Асығыс шешім қабылдамаңыз, әрі бұл айда маңызды жобаларды бастамаңыз. Жаңа бастамаларға қолайсыз кезең. Бар[1]лық келісім шарттарды мүмкіндігі болса қыркүйекке қалдырыңыз. Әзірге ағымдағы қаржылық жобаларды жәйлап аяқтаңыз. Немесе демалыс алып күш жинаңыз. Айдың соңы көптен бері жоспарлап жүрген ірі зат сатып алуға қолайлы. Техника, жиһаз, көлік немесе жаңа баспана алуға қиналмаңыз.
Қолайлы күндер 16, 23. Қолайсыз күндер 21, 27
Арыстан. Оқиғаларға толы ай. Қуаныштысыз, көптен бергі күйкі тіршіліктен демалып, саяхатқа шыққыңыз келіп жүр. Күш-қуатыңыз жеткілікті. Күшті текке жұмсамай, ақылға салыңыз. Көңіл көтере бермей, өзіңізді дамытуды да ойға алыңыз. Бар ынтаңызбен жұмыс істесеңіз жоғарыға көтерілесіз. Осы сәтті пайдаланып қалыңыз. Сіздің ұраныңыз: Еңбек, еңбек, және еңбек!
Бір қиыны сезімдеріңізді тежей алмайсыз, ауызды да жаба алмайсыз. Пайдасыз дау-дамайға кез боласыз. Жаныңыздағы жанға көңіл бөліңіз. Көмегі көп. Қаржы мәселесінде елеулі қиындық бар. Бұл өзіңіз үшін тосын жай емес. Қаржы тапшылығына қарамастан ірі зат сатып алғыңыз, немесе жаңа жобаға қаржы салғыңыз келеді. Жұлдыздар қажеттілікті шектеуге, түбегейлі талдау жасауға кеңес береді. Өзіңіз үшін өте қажет.
Инвестициялық аванттюраларға мойымаңыз, әсіресе қарыз, несие береміз дегендерге. Қаржы салғыңыз келсе әбден ойланыңыз. Әйтпесе, жүйке жұқарып, шығынға да батасыз.
Қолайлы күндер 31. Қолайсыз күндер 27.
Бикеш. Белсенділіктің қажеті жоқ. Оқиғалар баяу өріс алуда, өзіңіз жалқаулыққа, көңілсіздікке бой алдырып тұрсыз. Жұмыста да қол ештеңеге бармайды. Бәріне бір түкіргенім бар деп қол сермегіңіз келеді. Бірақ ,бәрі соншалықты жаман емес. Сәттілік күтіп тұр. Содан да көңіл күйге қарамастан жұмыста да, жеке өмірде де келеңсіздік жоқ. Керісінше табыс бар. Барлық салада. Ескі достықты жандандыруға болады, немесе көптен бергі даулы мәселенің ақырғы нүктесі қойылады. Өз-өзіңізді қолға алыңыз. Жақсыдан үміт етіңіз. Бірте-бірте үйреншікті қалыпқа оралыңыз. Болашаққа жоспарды ойланыңыз. Күйкі тіршілік көп. Шаруа шаш етектен. Жинақталып, бірде-бір жұмыстан бас тартпаңыз. Байып кетпессіз, бірақ шығынның алдын аласыз. Шыдамды болыңыз. Ақшалай табысы бар жақсы ұсыныс түседі. Немесе табысты, ақшалы жаңа жобада өзіңізді сынап көріңіз.
Қолайлы күндер 17, 23. Қолайсыз күндер 27, 28.
Таразы. Жұмысқа өте қабілеттісіз. Есесіне карьераңыз жақсарады. Басшылық оң назарға алады. Мақтауға тұрарлық, бірақ дандайсып кетпеңіз. Әріптестеріңіздің қызғанышын оятып, бақталастығын қоздырып аласыз.
Бойдақтар жан серігін іздеуді тоқтатып, жалғыздықтың да рахатын сезінеді. Ал, ғашық жандар тәтті сезімге бөленеді.
Жаңа хобби табасыз. Бәрі де ойдағыдай. Көңіл көтеруге де, мәселелерді шешуге де мүмкіндік бар.
Қаржылық жағдай жақсарады. Қосымша табыс көзін табасыз. Шамалы болар, бірақ тұрақты, күнделікті қажеттілікке жетеді. Жаңа табыс көзі табылады, қымбат сыйлық, немесе есепшотқа ірілей қаржы түсімі болуы мүмкін. Ай соңында ақшаны көзсіз, есепсіз жұмсаудан сақтаныңыз. Реті келсе сауда-саттықты келер айға қалдырыңыз, ал әзірге берешектеріңізді қайтарыңыз.
Қолайлы күндер 8, 17. Қолайсыз күндер 22, 28.
Сарышаян. Осы айға жоспарлағандарды іске асыруға қолайлы кезең Айналаңыздағылар кедергі келтіргенімен, жұлдыздар табысқа жетесіз деп белгі беріп тұр. Әсіресе қаржы мәселесінде. Серіктестеріңізбен қарым-қатынасыңыз шиеленісіп тұр. Алайда шаршап жүргендіктен жағдайға мән бермей тұрсыз. Бәлкім араласудың қажеті де жоқ шығар. Кейде кей мәселелердің өз-өзінен шешім табатын жайы да бар.
Ақша мәселесінде күтпеген тосынсый болады. Қосымша табыс көзіне кезігесіз. Батыл, іскер жандар үшін жақсы табыс табу мүмкіндігі бар. Тәуекел етіп, инновациялық жобаларға қатысу қажет. Ең бастысы серіктестерді дұрыс таңдай білу, күмәнді жобаларға қаржы салмау, әйтпесе жинағаныңыздан айрылып қалу қаупі бар.
Қолайлы күндер 17, 23. Қолайсыз күндер 21, 27.
Мерген. Бекерге уайым шегіп, өткен қателіктерге өз-өзін кінәлай беріп керегі жоқ. Өткенді өзгерте алмайсыз, ал болашақты болжап білу де оңай емес. Содан да өмірге салғырт қарамаңыз. Не болғанда да тезірек қалыпқа келгеніңіз жөн. Жұмысты, шаруаны реттеңіз. Жаңа жобалар бастаңыз, үйді әдемілеңіз… Жаңа іс бастағаныңызға жұлдыздар да ырза. Олар кедергілерден өтуге, қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Тіпті бәсекелестерді де. Тек алға, арман, тілектеріңізді жүзеге асырыңыз… Өзіңізді дамытуды да ұмытпаңыз. Оқуға деген құмарлық басым. Жаңа білімнің құны қымбат.
Жаңа идеялар тұнып тұр. Жаңа жобаларға ұмтыласыз, немесе өз қабілетіңізді ашатын жаңа жұмыс орнын іздейсіз. Қайсысы болмасын қаражаттық жағдайыңызға оң әсер етеді. Алайда, абай болыңыз, күмәнді жобалардан бас тартыңыз. Дегенменен қашықтықтан жұмыс істеуден, немесе қосымша табыс табудан қашпаңыз. Ақшаңыз көбейеді.
Қолайлы күндер 3, 17. Қолайсыз күндер 21, 26.
Тау ешкі. Шабыт та, күш те жеткілікті. Бәрі құптарлық. Жеке өмірде бәрі тыныш, жұмыста бағалайды, қаржылық жағдай да жаман емес.Содан да көңіл әлденені іздейді, жаңа бір нәрсеге көңіл құмартады. Алайда, жаңаны іздеп жүріп, текке әуре болуыңыз мүмкін. Ауқымды жобаларға күшті сарқып алмаңыз. Содан да күш пен уақытыңызға сараптама жасаңыз.
Өз мәселеңізді шешудің орнына бөтеннің ісімен айналысып жүрген жоқсыз ба? Ниет таза болса да басқаның дау-дамайына бас тығып керегі жоқ. Төреші боламын деп жүріп, кінәлі болып қалмаңыз.
Молынан өмір сүргіңіз келеді. Қаржылық жағдай жақсы болғаннан соң ойдағының бәрін орындағыңыз келеді. Алайда тым шашылмаңыз. Тапқаныңыз бен жұмсағаныңыз сәйкес келуі керек. Негізі ақшаны аса қажеттіге жұмсаңыз. Күзге қарай ірі зат сатып алуға қаржы жинауға мүмкіндік бар.
Қолайлы күндер 31. Қолайсыз күндер 20, 21.
Суқұйғыш. Сабыр мен кешірімшілдік. Дай-дамай да, маңызды мәселе де көрініп тұрған жоқ. Майда-шүйде тіршіліктермен айналысып, өз-өзіне демалыс жариялауға болады. Жұмыста да жалқаулық басым. Карьерада өзгеріс жоқ. Барлық ірі жобаларды, бастамаларды кейінге қалдырған жөн. Есесіне көптен бері армандап жүрген, бірақ ылғи кейінге шегеріле беретін байырғы тілекті жүзеге асыруға тырысыңыз.
Жұмыс істеуге құлықсыздығыңыз ақшаға әсер етеді. Қайдан, қалай тез ақша тапсам екен дейсіз. Тәуекелге барып, күмәнді жобаларға қатысуыңыз немесе құмар ойын ойнауыңыз мүмкін. Тіпті борышқа да кіресіз. Алайда, соңы жаман емес. Күздің басында тосынсый болады.
Қолайлы күндер 31. Қолайсыз күндер 20, 21
Балық. Өзгерістер айы. Қорқудың қажеті жоқ. Өзіңіз де өзгерістер туралы көптен бері ойланып жүр едіңіз. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Бұрын жасамағанды жасаңыз, бұрын жүрексінгенді қолға алыңыз. Жалпы жаздың соңғы айын өзіңізге, өз қажеттіліктеріңізге арнауға болады. Бөтеннің тілегін орындағаннан гөрі. Бұған жаңа таныстықтар, қызықты кездесулер, көңілді демалыс сайма-сай болып тұр. Демалып, өмірдің бақытты сәттерін сезініңіз.
Қаржылық жағдай тұрақты. Капитал баяу болса да көбеюде. Бұрыңғы жасалған келісім шарттардан дивидент түсетін кезең. Ескі қарыз қайтуы да мүмкін. Жұмыста да қабілетіңізді бағалайды, сыйақы алуыңыз, немесе жалақыңыз өсуі мүмкін. Қашықтан жұмыс істеу (фриланс) мүмкіндігі де бар. Сәттілік қанаттандырады, алайда бәріне бірден ие болам деу артық. Ең дұрысы инвестиция салумен айналысып, қаржыны дұрыс игере біліңіз. Қарызға ақша бермеңіз, қайтару бір азап…
Қолайлы күндер 16, 17, 31. Қолайсыз күндер 21