Бикеш. Барлық жағынан қиын жыл. Жылдың алғашқы алты айында бар бәле басыңызға төнгендей пұшайман халде боласыз. Қиялға бой алдырмаңыз. Өмірге тура қарай біліңіз. Екінші жартысында қаржылық дағдарыс, алайда қызмет, жұмыс барысында оң жаңалықтар бар.

Үйренген, сенімді арқасүйерлеріңіз азайып, аяқ астынан жер төңкеріліп бара жатқандай. Өз-өзіңізді аямаңыз. Барлық жауапкершілікті мойнына алатын қайсар жауынгер бола біліңіз. Жылдың алғашқы жартыжылдығында жеке өміріңіз де, отбасылық жоспарларда, шешімдерде дағдарыс бар. Жоспарды жүзеге асыруға әлдеқандай кедергі бар екенін сезінесіз. Бірақ проблемалардан қашуға болмайды. Жылдың екінші жартысында қаржы мәселесінде де дағдарыс бар. Үрейленбеңіз. Бәрі орнына келеді. Әріптестік қарым-қатынастар да сыр береді. Осы келеңсіз жағдайларға өзіңіздің де кінәлі екеніңізді мойындай біліңіз. Егер де сынға, қиындыққа төзе білсеңіз жеңіске жетесіз, жаңа деңгейге шығасыз.

Некеге енді отыратындарға кедергілер кездеседі. Наурыз, сәуір айларында жақсылық бар. Жыл соңына үй сатып алуды, тағы да басқа ауқымды тірліктерді жоспарламаңыз. Егер де қаржы салғыңыз келсе, қозғалмайтын мүлік алғыңыз келсе онда жылдың алғашқы айы қолайлы. Бұл жылы бизнес құруға оңай емес, алғашқы жартыжылдықта тез шешім қабылдауға асықпаңыз. Білімді тереңдеткен, кәсіби тұрғыдан дамыған, өсіп келе жатқан ұрпақты үйреткен дұрыс.

Жылдың екінші жартысында қызметте өсуге қолайлы. Қаншалықты қиын болса да жаңа орында шешім қабылдауға тырысыңыз. Екінші жағынан материалдық жағдайға қатыстының бәрі ішпыстырарлық, қуанышы аз. Сондықтан да материалдық табыстан гөрі, рухани байлыққа қанағат етіңіз. Жұмыстан алдымен рухани ләззат алыңыз, ақша соңынан бола береді.

Жылдың алғашқы жартыжылдығында өзіңізді жақсы сезінесіз, алайда қан қысымы көтерілуі мүмкін. Ал екінші жартысында ангина, ларингит сыр береді. Қалқанша безіне абай болыңыз.

Таразы. Күрделі жыл. Оқшауланып, дараланғанды қойып, бірлесе әрекет ету, жанындағылармен әріптестік орнату кезеңі. Жылдың екінші жартысы біріншісіне қарағанда қатал, рухани байыққа ден қойып, өз-өзіңізді аямай қамшылап жеңіске жетесіз. Есесіне жеке өміріңізде табыс мол.

Жылдың бірінші жартысында ішкі жан дүниеңізге байланысты келеңсіз жағдайлар орын алады. Қорқыныш, үрей, жалғыздық, айналамен түсінбеушілік. Құпия жайлардың шешімін табу қиын. Жылдың екінші жартысында келеңсіз, жағымсыз жайлар күшейе түседі. Бұған дейін ми қуысында тығылып жатқандар сыртқа шығады. Содан да өз-өзіңізбен жұмыс істеуге тура келеді. Барлық проблемаларды жан-тәніңмен сезіну керек. Әрине, бұл проблемалар жұртпен, серіктеспен қаржы-қатынасқа әсер етпей қоймайды. Бұған дейін азаматтық некеде болып, ырза болып жүрсеңіз, енді жұбыңыз оған келіспейді. Еркіндікті жоғалтудан қорықпау керек.

Қызмет барысында тоқырау. Жағдай бақылаудан шығып кеткен. Алайда, желдің соққан ыңғайына бағыт бұрыңыз. Негізі қолда барға қанағат еткен жөн. Кейінірек мүмкіндіктер есігі ашылады. Бірақ, биыл емес. Жұмыс қауырт, бар жан-тәніңізбен берілесіз. Денсаулыққа әсер етпесін, абай болыңыз. Еңбек пен демалысты үйлестіре біліңіз. Ерте ме, кеш пе, бейнеттің де бітер күні бар. Сонда нәтижесін көресіз. Әзірге алғысқа иек артпай, жұмысыңызды сапалы атқарыңыз.

Қаржы мәселесі бірқалыпты. Шығын жоқ. Жылдың алғашқы жартысында денсаулығыңыздың ең осал тұсы – жүйке… Күшіңіз азайып, қызығушылығыңыз құрығандай. Психологқа жүгінген жөн. Көлік айдағанда абай болыңыз, жарақат алуыңыз ықтимал.

Жылдың екінші жартысында көз, құлақ, тіс мазалайды.

Сарышаян. Қарбалас тіршілікке толы жыл. Жинақталған іс көп. Ыждағаттылықты қажет етеді. Қашып құтыла алмайсыз, қимылдап, бәрін қолға алыңыз. Жеке өмірде бәрі жақсы, әсіресе бірінші жартыжылдықта. Достармен қарым-қатынаста абай болыңыз. Жақын адамдарыңыз жаңылдыруы мүмкін.

Бейнебір дөңгелекте айналған тиін сияқтысыз. Шаруа шашетектен: үйде де, жұмыста да. Оның үстіне өзіңізге де қарау керек. Денсаулыққа мән беріп, барлық дәрігерлік тексеруден өтіңіз, денсаулыққа қатысты сұрақтардан қашпаңыз. Жылдың екінші жартысында жүйке шаршайды, үрей пайда болып, түсініксіз дегбірсіздену әсерінен депрессия болуы да мүмкін. Өзіңізге қатысты белгілердің бәріне назар аударыңыз.

Жылдың бірінші жартысында достардан сақтаныңыз. Бәрі бірдей адал емес. Серігіңізбен қарым-қатынас өте тамаша. Бойдақтардың ізденісі табысты болады. Ал, жылдың екінші жартысында отбасылық кикілжің орын алады. Өзара сенім, құрмет мәселені шешуге ықпал етеді.

Бәрін өзгерткіңіз келеді. Имиджді де, адресті де, тіпті басқа қалаға көшкіңіз де келеді. Есіңізде болсын ескіні бұзу оңай, бірақ әрі қарай қалай болады?

Қызмет барысында белгісіздік. Төмендеу де, жоғарылау да жоқ. Қызметтен өсуге шілде қолайлы, ал тамыздағы ұсыныстар бос әуре. Мамырда еңбек демалысына шыққан жөн. Онда да жақынға, ұзақ уақытқа емес. Ұзақ демалыс жоспарламаған жөн.

Қаржы тұрақты. Барлық қарыз төлемдерінен құтыласыз. Жылдың екінші жартысында жүрек, қан тамырлары сыр береді. Уақытында тексерілу керек.

Мерген. Шығармашылыққа толы жыл. Содан да өз талантыңызды ашуға өзіңіз көмектесіңіз, жаныңыз қалағанды жасаңыз. Уақыт пен қуат қай кезде де табылады, өмір қуанышы, қанағаттанушылық сезім бойды билейді. Сіз үшін махаббат, романтика, көңіл көтеру жылы. Қызметте қиындықтар бар, егер соншалықты амбицияңыз болмаса, күнделікті жұмыс бірқалыпты.

Өзіңіз дос санап жүргендермен қарым-қатынаста өзгерістер, қиыншылықтар орын алуы мүмкін. Әсіресе екінші жартыжылдықта. Шын жақындық жоқ екенін, өмірге көзқарастарыңыз бөлек екенін аңғарасыз. Есесіне романтикалық кездесулер өте әсерлі. Кез келген сәтте жұбыңызды кездестіруіңіз мүмкін. Алайда тағдырыңызды көктемнің екінші бөлігінде, немесе күзде кездестіресіз.

Алаңдауға еш негіз жоқ. Алға батыл қадам жасаңыз. Отбасылылар бақытты. Балаларға көп көңіл бөлу керек. Жөндеу жұмыстары, баспана сатып алу, көшіп-қону өзіңізсіз бітпейді. Ата-анаға да көмегіңіз керек.

Қолдан келгенді жасау керек. Жылдың алғашқы жартыжылдығында басшылықпен келіспеушілік орын алуы мүмкін. Бұл жыл қызметтен өсуге қолайлы емес. Алайда мамандық ауыстыруға, кәсіпті өзгертуге сәтті кезең. Әйтпесе, шыдамдылық танытып, қиын кезеңнен тыныш өтіп кетіңіз. Жұмыста ұрыс-керіске араласпаңыз. Өзіңіздің қолыңыздан келмейтінге ұмтылмаңыз.

Жылдың екінші жартысында кейбіреулердің сөзіне абай болыңыз, сенбеңіз. Жағымпаздардан, өте белсенді көмекшілерден бойды аулақ ұстаңыз. Қаржы салуда табыс жоқ.

Жылдың алғашқы жартысында тірек-қозғалыс жүйесіне, омыртқаға, буынға назар аударыңыз. Массаж алыңыз, алтын ине салдырыңыз. Тіс дәрігеріне барғанның да зияны жоқ.

Тауешкі. Шешім қабылдайтын кезең. Әрекет уақыты. Қозғалмайтын мүлік сатып алуға, жөндеу жұмыстарына, көшіп қонуға қолайлы жыл. Алғашқы жартыжылдықта қызмет бағытында тоқырау. Екінші жартысында басшылықпен ортақ тіл табысу қиын, есесіне жақсы жұмыс табасыз. Әріптестеріңіз арасында беделіңіз артады.

Өз үйіңізді барлық сынаққа төтеп беретін бекініске айналдырыңыз. Баспана мәселесін кейінге қалдырып жүргендер үшін оңтайлы кезең. Бұл жыл күрделі жөндеуге де, толықтай өзгертуге де, ірі заттар сатып алуға да сәтті. Егер де жекеменшік жер аңсап жүрсеңіз учаске сатып алып, саяжай салыңыз. Тағдырдың дегені болады. Отбасылылар бір-бірін дұрыс қабылдай білу керек, бір-бірін өзгертуге ұмтылудың керегі жоқ. Ең бастысы “қоқысты” үйден шығаруға болмайды. Егер де шағымданып, сырт жұртты отбасы мәселесіне араластырсаңыз, бүгінге дейінгі жақсының бәрін жоғалтасыз.

Қызмет бабында үзіліс. Жоспар жасамаңыз. Төзімді болып, аяқталмаған істерді бітіріңіз. Қазір ең бастысы – жаңа белестерге жетуге дайынсыз. Ал, ол үшін шамалы шегіне тұрыңыз.

Жылдың екінші жартысы қызық. Бір жағынан қызметтен өскіңіз келгенімен, қол жеткізе алмайсыз. Екінші жағынан қызықты ұсыныстар болады. Өз ісінің шебері ретіндегі ұжымдағы беделіңіз нығаяды.

Қаражат тұрақты. Алайда ақшаға деген көзқарасыңыз өзгереді. Кейбір Тауешкілер жаңа табыс көзін табады. Ал, кейбіреулері жинақтауды қойып, шаша бастайды. Ең бастысы: сезімге бой алдырмай, ақылға салмақ салған.

Алғашқы жартыжылдықта бауыр мен өт жолы мазалайды. Ал, екінші жартыжылдықта жолда, баспалдақта жарақат алуыңыз мүмкін.

Суқұйғыш. Жақсы өзгерiстер болуы үшiн ескі догмалар мен стереотиптерден бас тарту, дамуға кедергі байланыстарды үзу керек. Ішкі дүниенің жаңаруын қажет ететін оқиғалар жиі орын алады. Есесіне бұрынғыға қарағанда ақылды, табысты, жаңа адамға айналасыз.

Өмірді өзгерткіңіз келеді. Алдымен өзіңізді өзгертіңіз. Қаңтардың ортасында-ақ өзгерістер қажеттігін сезінесіз, ал сәуірдің соңында өзгеріп те боласыз. Барлығын талдап, сараптап, жоспар құрасыз. Жыл соңына қарай басқа адамға айналғаныңызды, сондай-ақ сіз ғана емес, айналаңыз да өзгергенін аңғарасыз.

Әлемге ашық болыңыз. Өмір сабағына алғыс айты[1]ңыз, дана адамдардың ақылына ден қойыңыз. Өз- өзіңізді жетілдіріңіз. Жылдың алғашқы жартыжылдығында тәуекелге бармаңыз. Спорттың экстремальды түрі, басқа да қауіпті жаттығуларға тыйым! Алаяқтардан абай болыңыз.

Отбасылылар бірқалыпты. Шілде айы отбасылық демалысқа қолайлы. Тамызда кикілжің орын алады. Бұрыннан қордаланған мәселені түбегейлі шешкен дұрыс. Бірақ артық кетпей, ұрыс-керіске жол бермей, сабыр сақтап, ақылды алға шығарған жөн. Қарашада балалар қарсылығын да бейбіт жолмен басқан дұрыс, әйтпесе желтоқсанға ұзаса ушығады.

Баспананы жақсартуға көктем оңтайлы. Жұмыс бірқалыпты. Кенеттен жұмыс ауыстыруға ұсыныс болса бас тартпаңыз. Кез-келген шығармашылық жұмыс, балалармен жұмыс істеу, мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру өте табысты. Тіпті қол бостағы ермегіңіз табыс көзіне айналуы да мүмкін. Алайда қаржы жағы тұтастай керемет емес. Дегенмен сабыр сақтап, қолдағыны үнемдеңіз. Жылдың алғашқы жартысында созылмалы аурулар күшейеді.

Балықтар. Пайдасы жоқтың бәрінен бас тартыңыз. Жылдың алғашқы жартысында жеке өмірде бәрі керемет емес, бірақ жағдайды түзеуге болады. Жылдың екінші жартысы баспана мәселесін шешуге қолайлы. Көшу туралы ойлануға болады. Үйді күрделі жөндеуге, қымбат тұрмыстық техникалар алуға қолайлы. Дұрыс бағыт таңдаңыз. Маңызды ұзақ мерзімді міндеттерді анықтаңыз. Әрі қарайғы іс-қимыл жоспарын жасап, мақсатқа жету жолында алғашқы қадамды бастаңыз.

Қазір алдағы нәтижелердің сыртқы каркасын құрып жатырсыз. Тұрақтылыққа, салқынқандылыққа, біркелкілікке ұмтылыңыз. Есіңізде болсын ішкі тепе-теңдік болса, онда сыртқы жағдай да өзіңіз үшін жақсы жағынан қалыптасады.

Жылдың екінші жартысында кез-келген тәуекелге бармаңыз. Сенімсіз адамдармен араласпаңыз. Экстремальды спорттан, қаржы авантюрасынан бас тартыңыз. Отбасын, некеңізді құрметтейтін болсаңыз болмашы нәрсеге бола бүліне бермеңіз. Бойдақтардың асықпағаны жөн.

Жылдың екінші жартысында отбасы ісіне аса мән беру керек. Пәтер мәселесін шешуге, жөндеуге, жаңа заттар сатып алуға қолайлы кезең.

Жұмыс барысы бірқалыпты. Тек жылдың бас жағында басшылықпен келіспеушілік, немесе мемлекеттік орган өкілдерімен түсінбеушілік орын алуы мүмкін. Проблемадан қашпаңыз, бәрін реттей аласыз. Наурыз бен сәуір – өз-өзін жетілдіретін кез. Жоғары ауқымдағы жоспарларды жүзеге асыратын уақыт. Бұл кезең нәтижелері тек қызмет бабында ғана емес, жеке өмірде де жемісті.

Тамыздың аяғы мен қыркүйекте әріптестермен келіспеушілік болып қалады. Ал, желтоқсанда байырдан бері түсінбеушілік шиеленіседі.

Бұл жылы тұрақты табыс көзін, шағын болса да, үнемі тамып тұратын табыс көзін табу маңызды. Сонда қиын кезде қорғап қалатын қорыңыз болады. Қарыз алмаңыз, несие рәсімдемеңіз, әсіресе екінші жартыжылдықта. Егер де қаржылық міндеттемелеріңіз бар болса, уақытымен орындаңыз. Жыл бойы аз жұмсауға тырысыңыз. Тек, баспанаға қысылмаңыз. Оның өзінде де абай болыңыз.

(Басы өткен номерде)

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған