Тоқты. Көлеңкеден жарыққа шығу керек. Бәлкім әлеуметтік желіде белсенді болу керек, әйтпесе ұжымда ұйымдастырушылық қабілет көрсете білсеңіз қызметіңіз өрге қарай өрлегелі тұр.

Жеке өмірде де жаңалық бар. Паровоздың алдына түсіп жүгіруге тырыспаңыз. Әр нәрсе өз ретімен болғаны дұрыс. Тағдырға сеніңіз.

Торпақ. Осыған дейін күрмеуі қиын болып келген жайлар күш пен еріктің арқасында шешімін табады. Еркін тыныстауға болады. Жаз бойы ойға алған жоспар орындалады. Жел бағытын бағдарлай біліңіз.

Егіздер. Тыныш ай. Үйреншікті емес. Үйге, отбасына, туған-туысқандарменен қарым-қатынасқа назар аударасыз. Жан тыныштығын сезінесіз.

Айдың екінші жартысында ойға алған істі жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

Шаян. Тапқан ақшаны жұмсай бермей, жинақтау керек. Өткен айда көп үнем жасауға тура келді. Бұл айда түсім бар болғанымен орынсыз шаша беруге болмайды.

Жаңа білім алу, жолсапар, жаңа таныстар табу мүмкіндігі бар. Қызықты идеялар, жаңа ойлар да келеді. Тосынсыйға дайын болыңыз.

Арыстан. Соңғы уақытта таңатқаннан кешке дейін еңбектенуге тура келді. Қызмет барысында да маңдай терлетіп келесіз. Соның жемісіндей қаржы жағы жақсарады. Сыйақы, айлыққа қосымша, жаңа қызмет, тәуір тапсырыс болып қалуы мүмкін.

Жеке өмірде өзгерістер бар. Әралуан оқиғаларға, жақсы жаңалықтарға толы ай.

Бикеш. Әдеттегідей жұмыс, еңбек айы. Жақсы мүмкіндіктер бар. Шетелдің хабары бар. Айдың ортасынан кейін құжаттарға, жолсапарға, гаджеттер алуға мән беріңіз. Сыртқы түріңізді әдемілеп, өз-өзіңізді көрсете біліңіз. Имиджді, бәлкім әлеуметтік желідегі парақшаны өзгерткен оңды болар.

Таразы. Қиын, қарбалас кезеңдер артта қалды. Жайбарақат кезең. Көп нәрсені қайта ойлану керек. Ескі қарым-қатынастарды жаңартқан да жөн болар. Су толы шелекке тағы су құя алмайтыныңыз сияқты ескіден босаған орынға бірден жаңа келе қоймайды. Достардың, немесе әріптестердің көмегі керек-ақ.

Сарышаян. Айлың алғашқы бөлігінде оңаша қалып, өз-өзіңізбен болатын жан тыныштығын іздейсіз. Өз-өзіңізге психолог ретінде миды, ойды тазартыңыз. Шығармашылыққа қолайлы кезең.

Ай ортасында шаруа шаш етектен. Жолсапар, кездесулер, оқу бәрі бір мезетте.

Мергендер. Бұрынғыны жөндеп, ретке келтіретін уақыт. Қателіктермен жұмыс істей білсеңіз, көңіл-күйіңіз құлазымайды. Өз-өзіңізді қолға алып, шыдам мен төзім арқасында табысқа жетесіз. Ақпараттарға, құжаттарға, сондай-ақ алаяқтардан абай болыңыз.

Тауешкі. Бейнеткеш бұл жануар қаржы жағынан қысылғалы тұр. Дүниетанымды кеңейтетін мүмкіндік. Маңызды өзгерістерге әзір болу керек. Басында қиын болғанымен, пайдалы. Шамалы кедергілерді жеке аласыз.

Суқұйғыш. Жеке өмірде таңдау жасап, шешімге келу керек. Бостандық жақсы ма, әлде әріптесіңізбен келісім жолын іздеген дұрыс па?

Кредит, қарыз беру, қаржы салу да мәселе туындауы мүмкін. Содан да іскерлік байланыста болатын серіктес таңдауда мұқият болыңыз.

Балықтар. Соңғы уақыттары айналаға сергек қарап “есеюге” тура келеді. Бұл айда анау-мынау кедергі жоқ. Алға нық қадам жасап, табандылық көрсете біліңіз. Сәттілік бар. Пайдалы таныстықтар арқасында шешілмейді деген мәселенің де шешімі табылады.

Шабыт, шығармашылық уақыты. Тағдырға сеніңіз… Өз-өзіңізді тежемеңіз.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған