Тоқты

Бұл айда шаруа шаш етектен. Шаршамайсыз. Дегенменен күнделікті күйбің тірлік күш-қуатты әлсіретеді. Жұмыс, қызметте де атқаратын міндет көп. Әріптестер көмекке келгенімен, орын­даушыдан аспайды, ақылшы-кеңесші болады. Отбасында да тірлік көп, бірақ жүрекке жақын. Үй жөндеуден, реттеуден шаршамайсыз.

Алайда, үй тірлігін, туған-туысқан мәселесін алғашқы кезекке шығара беріп қажеті жоқ. Өзіңізді ұмытпаңыз. Бір мезгіл достарменен көңіл көтеру де керек. Денсаулыққа қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенменен дұрыс тамақтанған жөн.

Әйел Тоқтылар бұл айда отбасы тірегіне айналады. Үй жинау, тігін тігу, жөңдеу жұмыстары, тіпті балаларға ойыншық та жасап тастайсыз. Дау-дамай да бол­май қалмайды. Тіпті басқалардың мәселесін шешіп те жібересіз. Ақшадан мәселе жоқ. Оның үстіне ойламаған жерден ұқыпты, үнемшіл бола бастайсыз. Дегенменен жұмыс, қызмет барысында басшылық тарапынан келіспеушілік болуы мүмкін.

Бірбеткей екеніңіз белгілі, ал бұл айда тіпті артқа шегінбеңіз.

Еркек Тоқтылар отбасымен байланысты мәселелерді шешуге білек сыбана кіріседі. Жөндеу жұмыстарына, орын ауыстыру, тіпті қоныс аударуға қолайлы кезең. Қызметі қаржымен байланыстыларға өсу мүмкіндігі бар. Егер де басқа қызмет саласында болсаңыз үлкен жаһандық жобаларға қатысуға асықпаңыз. Әзірге асықпай, анық басыңыз.

Махаббат мәселесінде Тоқтылар отба­сы құндылығына назар аударады. Тіпті жалғыз, бойдақ Тоқтылардың өзі де отбасына алаңдайды. Жалғыздар отбасылы болу мүмкіндігін жіберіп алмау керек. Негізі осы айда жақын адамдарыңызға қам­қор, абай болу керек. Маңызды шешімдер қабылдауға тура келеді.

Қаржы мәселесі тұрақты емес. Айдың бас жағында бәрі оңынан келді, салынған қаражат, инвестиция табыс түсіріп тұр. Содан да қаржыдан қысылып тұрған жоқсыз. Алайда айдың ортасында қарыздарды қайтару керек. Бірақ, қайтарғыңыз келмейді. Негізі қажет ақшаны алдын ала қамдап қойыңыз. Сонда ыңғайсыз жағдайда қалмайсыз.

Торпақ

Таныстарыңыздың іс-әрекетіне абай болыңыз. Негізі жақын адамдар арасында сіздің адамгершілігіңізді басқаша түсініп, өз ыңғайына пайдаланғысы келетін адамдардың көбейгенін байқайсыз. Содан да біреуге жақ­сылық жасамас бұрын, немесе қарыз бермес бұрын әбден ойланыңыз. Дегенменен бұл ай өзіңізді дамытуға, жетілдіруге қолайлы кезең.

Айтылғандарды мұқият тыңдаңыз, түйіні қиын мәселені шешуге қажетті маңызды ақпарат естіп қаласыз. Отбасында кикілжіңді мәселелерден бас тартыңыз. Бірге уақыт өткізу үшін бірге жолға шыққан жөн. Басқа бір қалаға барудың қажеті жоқ. Табиғатты, саяжайды таңдасаңыз да болады. Таза ауа денсаулықты жақсартады, тыныштық жүйкені тыныштандырады.

Әйел Торпақтар қарым-қатынасында консерватизм басым. Дәстүрлі отбасылық дәстүрлерді жақтайсыз, туған-туысқандарменен тіпті көптен бері ұмыт қалғандарменен де араласа бастайсыз. Балалардың тәрбиесіне белсене кірісесіз. Жұмыс барысында іс-сапарға шығу сәті бар. Ақша табу мүмкіндігі де бар. Сондай-ақ қосымша білім алуға, қосымша курстардан өтуге де қолайлы кезең.

Еркек Торпақтар үшін шет тілін меңгеруге болады. Өз-өзіңізді жетілдіргіңіз келеді. Жұмыста да сәтін салып, қызықты іс-сапар шығып тұр. Келіскен жөн. Керемет келіссөздерге қол жеткізесіз. Тіпті сылбыр, салмақты Торпақтардың өзі де белсенділік танытады. Қызмет барысында ғана емес, Торпақтар отбасында да қарап отырмайды. Тіпті демалыс пен спорттың өзі де Торпақтарға күш пен қуат береді.

Махаббат мәселесінде өз әдеттерін, тіпті өзін де өзгертуге тура келеді. Батыл, еркін болатын, ұятты қоятын кез. Өйткені, қарым-қатынас реті көбейіп тұр. Бойдақ Торпақтардың өздері де өз жартысын таңдауда абай болған жөн. Асықпаған дұрыс. Бір мезеттік сезімнің соңы сор болатыны да бар. Ал ерлі-зайыптылар арасы шиеленісті. Бір татуласып, бір ұрысып ай өтеді дегендей. Мұның да пайдалы жағы бар. Сезім шыңдалады.

Қаржы тұрақты деуге келмес. Біріншіден отбасына материалды көмектесу кер­ек. Екіншіден, өз-өзіңізге заттар, киім сатып алғыңыз келеді. Шығыс көбейіп кетуі мүмкін. Көрсеқызарлыққа бой алдырмаңыз, қарызға кіріп кетесіз. Құмар ойындарға, басқа да даулы мәселелерге құмартпаңыз. Ұтқаныңыздан ұтылатыныңыз көп.

Оның орнына өзіңізге тұрақты табыс әкеліп тұрған іске назар аударыңыз. Кішкентай табыс болса да соған қанағат.

Егіздер

Өте қызықты кезең. Күтпеген жағдайлар көп. Тартымдысыз. Алайда өз-өзіңізге сенімсіздік танытып, қарым-қатынастарға онша құмар емессіз. Өз-өзіңізге қарауға көп уақыт керек. Жұмыс жоспары көп. Қаржылық жағдайыңызды жақсартқыңыз келеді. Қуатыңыз әлсіреп тұр. Көптеген ойларыңыздың орындалуы ұзаққа созылады, немесе нәтижесі өзіңіз ойлағандай емес. Уақытша сәтсіздікке бола уайымдамаңыз. Қай кезде де жоспарды кейін, қуатыңыз қайта қалпына келгенде жүзеге асыру мүмкіндігі бар екенін естен шығармаңыз. Егер де кейбір сәтсіздіктердің өзін дұрыс қабылдай білсеңіз, тағдыр сізге жақсы, қызықты тосын сыйлар дайындап та тұр. Бәлкім жана іскер әріптестер, немесе достар табарсыз. Есіңізде болсын осы айдағы жеке байланыстар өте пайдалы. Денсаулыққа мән беріңіз. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз.

Әйел Егіздердің іскерлік әлемінде, қызмет орнында керемет табыс көрініп тұрған жоқ. Табысыңыз сізге байланысты емес, бәлкім лотореядан ұтарсыз, әйтпесе бұрыңғы қарызыңыз қайтады. Жеке өмірде қызғанышқа орын жоқ. Отбасы бар жандар үшін керемет әйел екеніңізді байқатасыз. Неке нығая түседі.

Еркек Егіздер өздерін жан-жақты көрсетеді. Жұрттың кеңесіне назар аудармаңыз. Өмірге үйреткенді кім жақсы көреді? Қаржылық жағдай жаман емес. Ең бастысы тәуекел етіп, жеңіл ақшаға құмартудың керегі жоқ. Салқынқандылық, үнемшілдік танытсаңыз табысқа жетесіз. Көптеген Егіздер спортты серік етеді. Бұл мәселеде қауіпсіздік техникасын сақтаңыз. Бақытсыз жағдайлар менен жарақаттан абай болған жөн.

Махабатта түбегейлі өзгерістерге дайын болыңыз. Үлкен жаңалық бар.

Қаржы мәселесінде жақсы жаңалық бар. Басшылық компания жұмысындағы үлесіңізді бағалап, жалақыңызды көтеруі мүмкін, бәлкім сыйақы да беріп қалар. Немесе табысты жоба кезігеді. Алайда, жұлдыздар ақшаны оңды-солды жұмсауға қарсы. Реті келсе ақшаны жинақтаған, немесе табысты жобаға салған дұрыс. Негізі, қазір ақшаға деген көзқарасыңызды өзгерткен жөн. Үнемдегеннен гөрі көбірек табуға да үйрену керек. Бұған мүмкіндігіңіз бар.

Шаян

Табысты ай, алайда табыстын қай тұстан келерін тап басып айту қиын. Жаңа таныстар табасыз, жұмыста үз­дік боласыз, жоғарылайсыз. Осының бәрі бір мезетте болуы да мүмкін. Адайда, жоғарыламай қалсаңыз, немесе сыйақы берілмей қалса ренжімеңіз. Бұл жағдайда жеке өміріңізге ғана назар аударыңыз. Отбасы, туған-туысқан, бала тәрбесі де күш-қуатты қажет етеді. Жұлдыздардың айтуынша бұл айда адамдарға оңай билік ете аласыз. Үстемдік ету де қиынға түспейді. Алайда, бұған тым көп әуес болмаңыз. Айналаңызға зияныңыз тимесін. Әр қадамыңызға есеп беріңіз.

Әйел Шаяндар өз тағдырына кезігуі мүмкін. Бұл кездесу жемісті болуы үшін билікқұмарлықтан бой тарту керек. Әрдайым жаныңыздағы серігіңізге үстемдік ете берудің керегі жоқ, жұмсақтық танытыңыз. Сонда бәрі жақсы болады. Туған-туысқандармен шатасып керегі жоқ, негізі төреші болған дұрыс. Ақшаны болмашы ұсақ-түйекке жұмсай бермеңіз. Ал, ойластырылған шығындар, инвестиция жасау нәтижелі болады.

Еркек Шаяндар тартымдылығы жоғары. Бойдақ Шаяндардың жаңа таныстығы сезімге ұласуы мүмкін. Спортқа әуестік те жақсы нәтижеге әкеледі. Дегенменен абай болыңыз, жарақат алу қаупі бар. Жұмыста бәрі жақсы. Әсіресе мамандық ауыстырғыңыз келсе, немесе ірі жобаларға қаржы салғыңыз келсе сәтті болады.

Махаббат әлемі жақсы сезімдерге толы. Жақсы жаңалықтар көп. Отбасылы Шаяндар саяхатқа шығуы мүмкін. Арасында ұрыс-керіс болғанымен жүйке жұқартудың керегі жоқ. Бір-бірін тыңдай білу керек. Бойдақтар махаббатты іздеп, таусылудың керегі шамалы. Сәтті кезеңде өзі-ақ жолығады.

Қаржы мәселесінде жағымды жаңалық көп. Бірақ бірте-бірте, кезең-кезеңімен. Айдың соңында бәрі реттеледі. Табыстың жаңа деңгейіне шығудың мүмкіндіктері көп. Тек, пайдалана біліңіз. Өз-өзіңізді көрсете біліңіз. Біреулерге ұнамауы, жағымсыз әңгімелер болуы мүмкін. Бәрібір өзіңізді көрсетіңіз. Алайда, жұмыс барысында қиындық болатынына дайын болыңыз.

Арыстан

Ерекше ай. Өз-өзіңізге сенімсіздік бойды билейді. Бірақ, жамандыққа жорымаңыз. Тек іс-әрекетіңізді алдын-ала ойластырыңыз. Өткен шаққа мойын бұрмаңыз. Бәлкім аяқ астынан тез шешім қабылдауға тура келеді. Дұрыс қабылдай біліңіз, ара-тұра сәтсіздік болатынына келісіңіз. Сәттілік үнемі өз жағыңызда бола бермейді. Көңілді компанияларға, отырысқа қызықпайсыз. Бұл адамдардан қашқақтайсыз деген сөз емес. Қайта жаныңызға жақын адамдармен араласу көңіліңізді сергітеді.

Әйел Арыстандар бұл айда момын болып, әріптестерінің бұйрығына бағынады. Сондай-ақ адамдармен қарым-қатынаста сенімсіздік пен тұйықтық орын алады. Қарқынды мәселе жоқ. Қайта материалдық жағдай тұрақты. Осы қалыпты ұстап қалу үшін артық зат алудан бас тартыңыз. Керісінше, ақшаны өзіңізді дамытуға жұмсағаныңыз пайдалы.

Еркек Арыстандар үшін бәрі жеңіл. Жұмыста тез көтерілесіз, оған тіпті күш жұмсаудың да керегі жоқ. Өз-өзінен болады. Тіпті ақшаның өзі төбеден түсетіндей. Алайда жеке өмірде проблема бар. Демалу да пайдалы. Денсаулық өте жақсы, спортқа қызықпаса да. Есесіне өнерге, өз-өзін дамытуға ансары ауады.

Махаббат мәселесінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Ғашықсыз. Нәтижесі бар. Ұзаққа созылған сезім жолықтыруы да мүмкін. Табиғатқа саяхат, кино, концерт, жан тыныштығы. Осы кезеннен сыр бермесеңіз, қарым-қатынас нығаяды.

Қаржы мәселесінде өз бизнесіңізді бастауға старт алатын уақыт. Сәттілік өзіңіз жақта болғанымен, бәрібір еңбек ету, мақсат қоя білу керек. Ұқыпты болыңыз, ақылмен әрекет етіңіз. Дос емес адамдарыңыз сіздің сүрінгеніңізді тағатсыздана күтіп жүр. Жұмыс барысы жақсы. Алайда, жұмысқа бар ыңтаңызбен кіріссеңіз табысты көбейтесіз. Мақсатқа жетер жолдағы еңбегіңіз еселеп қайтады.

Бикеш

Тыным жоқ. Тынымсыз ай, тіпті үйде болудың өзі бір бақыт сияқты. Өйткені жаңа таныстық, жаңа іс, жаңа жоба бәрі де өзіңіздің көптен бері күткеніңіздей. Егер де өз өміріңізді түгелдей өзгерткіңіз келсе, мәселен, басқа қалаға көшкіңіз, жұмыс ауыстырғыңыз, некеге тұрғыңыз немесе ажырасқыңыз келсе дер кезі. Жұлдыздар болжауынша нәтижесі керемет. Алайда, қаржыда уақытша қиындықтар болуы мүмкін. Қандай жағдай болғанда да жақындарыңыз бен достарыңыз көмекке келеді. Мәселен, қарызға ақша бере тұрады. Кейбір шығындарды өтейді. Демек, көп уайымдаудың қажеті шамалы. Армандар орындалады.

Әйел Бикештермен серіктестері арасында түсінбеушілік болуы ықтимал. Абай болыңыз. Күмәнді жандарға тап болмаңыз. Жеке өмірден бөлек, іскерлік байланыстарда да. Туған-туысқанмен қарым-қатынасты түзейтін уақыт.

Еркек Бикештер қызғаныштан сақ болуы керек. Өз танымалдықтарымен әуейі бола бермей, жан-жағын да қамту керек. Іс барысында табыс бар. Жұлдыздар болжауынша көптеген тілектеріңіз өз-өзінен жүзеге асады. Қаржылық жағдай да жақсы, тек ақшаны жұмсауға қимайсыз, ниет етпейсіз. Қазір рухани дамуға басымдық беріп тұрсыз, ал материалдық жағдай онша қызықтырып тұрған жоқ.

Махаббат мәселесін де бірінші орынға қойып тұрсыз. Кездейсоқ отбасы құруға дайын екеніңізді сезінесіз. Жан-жағыңызға зер сала қарасаңыз жұбыңыз жаныңызда жүр. Отбасылы Бикештер пәтер мәселесімен, бірі жаңа баспана сатып алумен, бірі үйді жөндеумен айналысады.

Қаржы бірыңғай емес. Бір жағынан тұрақты түсім бар. Екінші жағынан шығын да жетерлік. Ақшаны үйге жұмсаған дұрыс. Өз идеяларыңызды жүзеге асыруға кіріссеңіз табыс та көбейеді. Тәуекел етіп, ойға сыйымсыз қиын идеяларды қолға алыңыз, өз-өзін ақтайды. Ал, идея болмаса, онда интернеттен қосымша табыс табыңыз.

Таразы

Сәттілік жетіп артылады. Барлық жағынан да. Рахаттана біліңіз, жұмыс барысында жоғарылайсыз. Бизнесіңіз болса, онда көптеген пайдалы байланыстар табасыз. Жеке өмірде кішкене проблема болғанымен, оның шешімі бар. Әдемі сезімдер айы. Денсаулыққа мән беріңіз. Өзіңізді нашар сезінсеңіз бірден дәрігерге көрініңіз. Өз бетіңізше емделгеннің соңы жақсы болмайды. Әсіресе зат алмасу процесі қиындау, содан да ішкен-жегеніңізді бақылаңыз.

Әйел Таразылар үшін жеке қарым-қатынаста туғандардың араласуы немесе жас ерекшелігіне орай мәселе боуы мүмкін. Біріншіден қызғанышқа орын бермеңіз. Бойдақтар өзінің екінші жартысын, онда да жағдайы жақсы адам кезіктіруі мүмкін. Отбасылық жағдай жақсы болғанымен, қаржы мәселесінде қиындық бар. Күтпеген шығын орын алуы мүмкін.

Еркек Таразылардың тартымдылығы артады. Кез-келген әйелді өзіне қарата алады, немесе кез-келген пайдалы келісім жасау қиындық тудырмайды. Қызметіңізге аса қатты мән бересіз. Мақсатқа жетуге ұмтыласыз. Егер де ақшаға ұқыпты қарап, оны майда-шүйдеге жұмсамаса онда қаржы жағы жақсы болады. Жаңа іске қаржы салу өте тиімді. Көптеген таразылар іс-сапарға, саяхатқа шығуы мүмкін. Жолда абай болу керек. Жарақат алып қалу, немесе алаяқтар арбауына түсіп қалу қаупі бар.

Махаббатта жалғыз қалғандайсыз. Жеке өміріңізге назар аударыңыз. Әсіресе бойдақтар өз-өзіне риза болмай, ылғи да айналасындағылардың мазасын алады. Өз-өзіне сенімді болу үшін психологқа барыңыз, өз-өзіңізге қараңыз. Отбасылы Таразылардың іші пыспайды, оқиғалар да, жасайтын іс те жеткілікті. Отбасы бақытын сақтап қалу үшін өз сезімін тежей білу және жақындарына көп уақыт арнау керек.

Қаржы жоспарланғаннан да көп. Қарыздарды жауып, барлық қаржылық қиындықтардан құтыласыз. Тек көрсеқызар болмаңыз. Төмен бағалар, арзандаған тауар көз қызықтырып, дүкендерге бар тапқаныңызды қалдыруыңыз мүмкін. Сабыр сақтаңыз, жоспарлағаныңыздың бәрі бірдей жұмсаған ақшаңызға тұрмайды. Айта кетейік, арманыңызға жақындап келесіз. Осы айда ақша жинақтасаңыз, табысыңызды көбейтеді.

Сарышаян

Оқиғаларға толы ай. Бас толы идея, ой, бірден жүзеге асырғыңыз келеді. Ешкімнің көмегінсіз, бәрін өзіңіз жасағыңыз келеді. Алайда, бұл қателік жаныңызды жүдетеді. Негізі қайсыбір істің болмасын ұйымдастырушысы болған дұрыс. Оның үстіне басшылық пен әріптестеріңіздің өзіңізге сенімі артады, карьераңызға жақсы әсер етеді. Жеке өмірде бәрі керемет емес. Ешкімге бағынғысы келмейтін, біреуге тәуелді болғысы келмейтін мінезіңіз осы айда шарықтап тұр. Көп жан мұны түсінбейді. Содан да өзара қарым-қатынасты әлсіретесіз. Сондай-ақ жұлдыздар жарақат алу қаупі бар екенін ескертіп абай болуға, әсіресе жолда сақтануға кеңес береді.

Әйел Сарышаяндар отбасы басшысы ролін иемденеді. Барлық мәселеде оның пікірі шешуші, бәрі оны тыңдайды. Махаббатта қиындық бар. Тіпті себепсіз өз көкіректігіңіз, менмендігігіңіз дау-дамай тудыруы мүмкін. Есесіне оқиға, жаңа ақпаратты игеруге қолайлы күн. Жаңаны үйреніңіз. Ірі табыс көзі көрініп тұрған жоқ.

Еркек Сарышаяндар өмірінде өзгеріс орын алғалы тұр. Кездейсоқтық емес. Өз еңбегіңіз. Қызмет бабында өсуге, өз-өзін дамытуға қолайлы кезең, қаржы мәселесі қолайлы, төтеннен шығын шығып тұрған жоқ. Ғылымға, өнерге әуестене бастайсыз. Есесіне жаңа орта табасыз.

Махабатта сөйлеген сөзіңізге сақ болыңыз. Ренжітіп алуыңыз мүмкін. Кекетіп-мұқатуға бейімсіз, дегенменен ойға келгенді айта беруге болмайды. Жақын адамдарыңызға ауыр тиеді. Бойдақтар жаңа табынушылар табады. Бірақ тұрақты сезім жоқ.

Қаржы тұрақты. Төтеннен шығын жоқ. Үнемге, жинақтауға бейімсіз. Тіпті кейде асыра сілтеп жібересіз. Содан да басқалар сараң деп кінәлауы мүмкін. Бірге уақыт өткізуге, тосын сый жасауға ақша аямаңыз. Ай соңында табыс ұлғаяды. Идеяларыңыздың бірін жүзеге асырсаңыз жақсы ақша табасыз.

Мерген

Мергендер үшін қызықты ай. Үйде де, қызметте де жұмыс көп. Бәрі алдын ала келісіп, сіздің ақыл-кеңесіңізге, қарсы тұрғандай. Жұмыс барысында өз міндеттеріңізбен қатар өзгелердің де жұмыстарын істеуге тура келеді. Отбасы проблемасы да сізге қарап тұр. Ақша табу үшін де біраз тер төгуге тура келеді. Бірақ, бәрі жаман емес. Жұмысыңыз лайықты бағасын алады, ақысы да төленеді. Ал кез-келген міндетті атқаруға күш-қуатыңыз жетеді. Ең бастысы өзіңіздің морольды жағдай­ыңызға назар аударыңыз. Осал тұсыңыз – осы. Міндет көп болғандықтан өз өміріңізге уақыт та, күш те жетпейді. Егер де серігіңіз бар болса, онда оған сенім білдіріңіз. Қызғанышын оятпаңыз, өзіңіз де қыз­ғанбаңыз. Әйтпесе отбасын әлсіретіп аласыз.

Әйел Мергендер жұмыс барысында келісім жасаудың шебері, ал үйде туғандарменен, тіпті алыстап кеткендерменен де араласа бастайды. Әріптестер арасында шамалы түсінбеушілік орын алуы мүмкін. Мән бермеңіз. Айдың ортасында бәрі қалпына келеді. Әрдайым тәуекел етесіз, бұл айда да.

Еркек Мергендер. Естен танарлық. Жасайтын іс көп. Егер де абыр-сабыр болмай, біртіндеп, асықпай бастасаңыз бәрі шешімін табады. Қол күшінен гөрі, әсіресе ақыл-ой еңбегі жемісті. Мол табыс табудың реті жоқ. Алайда ақшаға мұқтаждық та жоқ. Тұрмыстық шығыстарға қаржы жетіп артылады. Жұлдыздар тәуекел ете бермеңіз, әйтпесе қарым қатынаста қиындық туады дейді.

Махаббат. Күнделікті күйбің тірліктен, көп істен шаршап сезімге берілгіңіз келеді. Бұл да дұрыс шығар. Бас айналып, ақымақ қадам жасамайсыз. Жақын адамыңызбен өткізген уақыт жаныңызға тек қуаныш әкеледі. Әсіресе бірге жолға шықсаңыз.

Қаржыда тұрақтылық жоқ. Ақша түсімі бар, тіпті молынан. Мұраға ие боласыз, немесе кезінде салынған қаражат кіріс кіргізе бастайды. Дегенменен шығын да аз емес. Тіпті тапқаныңыздан асып та кетеді. Кейбіреулер ойланбай сауда жасайды, ал біреулер тез, жеңіл байығысы келеді. Алайда ойланбай тәуекелге барудың керегі жоқ. Шығын жасамас бұрын әбден ойланыңыз.

Тауешкі

Қарым – қатынас айы. Көптеген кездесулер, жаңа таныстықтар. Жеке өмірде де, қызметте де бәрінің пайдасы бар. Алайда жаныңыздағыларға үстемдік ете бермеңіз, тыңдай да білу керек. Сыйластыққа ештеңе жетпейді. Жалғызбастылар өмірін күрт өзгертетін тосын жанға кезігеді. Содан да барлық істі қойып, махаббатқа көңіл аудару керек. Денсаулықты да ұмытпаңыз. Қиын мәселе болмағанымен, мән бермей алаңсыз жүргеніңіз алдыңыздан шығуы мүмкін. Жұлдыздар іс-сапарға, алыс жолға шықпаңыз дейді. Сәтсіздіктер болуы мүмкін. Сондай-ақ күмәнді тұстарға қаржы салмаңыз, ақшаңызды жоғалтасыз. Ақша жұмсағанда өте мұқият болыңыз. Ақшаға жауаптылықпен қарасаңыз, қаржыдан қиындық болмайды.

Әйел Тауешкі. Сабыр және сабыр. Жұлдыздар кеңесі осы. Егер жеке өмірде бәрі ретімен келе жатса асығудың керегі не? Отбасы барлар басты төрешіге айналады. Жақын жандар арасындағы дау-дамайды әділдікпен шешуге болады. Жұмыста белсенділік танытыңыз. Сыйақы аласыз. Тіпті тәлпіштерді де тәубесіне түсіре аласыз.

Еркек Тауешкілер. Жеке өмірін жасағысы келеді. Сезіммен емес, түйсікпен. Отбасылылар бала тәрбиесімен, саяжаймен айналысады. Өзіңіз бірдеңе ойлап тапқаннан гөрі, басқалардың жетегінде жүргенді қалайсыз. Жаман адамдардан аулақ жүріңіз.

Махаббатта түсінбеушілік орын алады. Бір-біріңізді тыңдағыңыз келмейді. Екеуіңізде екі пікір. Бірақ арты қайырлы, у-шу болмайды. Абайлап, сабырмен ақылға келесіз. Отбасылылар да келіспей қалады. Серігіңіз бәрін сізге ысырып тастағысы келгеніне келіспейсіз. Оның үстіне өткен сәтсіздіктен енді ес жинап келесіз.

Қаржы мәселесінде біреулер оңай ұтысқа ие болады, немесе өз идеясын жүзеге асыруға бай инвестор табады. Ал, енді біреу қаржысын дұрыс пайдалана алмаса жиғанынан айрылып қалады. Соның өзінде де беріспей, тек алға ұмтылады. Жұлдыздар қозғалмайтын мүлікке қаржы салуға кеңес береді. Ал, тәуекел етіп, жаңа бизнес жобаны бастаудың керегі жоқ. Шығындалып қаласыз. Содан да әр қадамыңызды ойланыңыз.

Суқұйғыш

Өз-өзін дамытуға қатты көңіл бөледі. Оқуға, жаңа жобаға, іскерлік жолсапарға қаржы салады. Бәрі өзін ақтайды. Жұмыста барлық міндетті жеңіл атқарып, табысты орындайсыз. Басшылық бағалайды. Ал дау-дамайға араласудың керегі жоқ. Кінәлі болып қаласыз. Жеке өмірде шиеленіс бар. Бір-біріңізді түсіне алмай, талас-тартыс болады. Ал отбасылылар дәстүрлі құндылықтарға бет бұрады.

Әйел Суқұйғыштың жеке өмірінде келіспеушілік орын алады. Тіпті дау-дамай болып, кек алуға дейін барасыз. Жұмыс барысында бәрі жақсы. Басшылыққа қорықпай, ойыңызды жеткізе біліңіз, бағалайды. Еңбексүйгіштігіңіз қызмет романына әкелуі мүмкін, бірақ сәтсіз аяқталады. Бастамаған дұрыс болар? Ақша түсімі тұрақты, бірақ көп емес.

Еркек Суқұйғыштар қызметтен өсуге барынша күш салады. Аянбай еңбек етеді, жұмыс орнында түнеуге бар. Бірақ, қарым-қатынаста қиындық болады. Есесіне қыз­ет жақсарады. Отбасында қолдау тапқан Суқұйғыштардың қызметі, жұмысы жақсарады. Отбасы бюджетін дұрыс жоспарлауға қабілетіңіз бар.

Махаббатқа уақыт та, күш-қуат та жоқ. Бар ойыңыз жұмыс, қызмет. Егер де отбасында кикілжің көбейсе жұмыстан үзіліс алып, отбасымен бірге болу керек шығар. Білімді кеңейтуге, әртүрті лекция, семинарларға ақша көп кетеді. Нәтижесі жақсы болады. Көп ақша табуға ықпал етеді. Ғашық Суқұйғыштар көп уақытын карьерасына арнағандықтан да, ғашығына қымбат, жақсы сыйлық жасап, кінәсін жуғысы келеді.

Балықтар

Шым-шытырық. Біртүрлі. Бәрі еркіңізден тыс орын алады. Айналадағылар сіздің пікіріңізбен санаспай, жүйкеге тиіп тұр. Содан да жағдайға тез мән беріп, өз жағыңызға пайдалы етуге тырыыңыз. Ақылға сыймайтын тұстардың шешімдері де ақылға қонымсыз. Күтпеген тұстан сәттілік орын алады. Содан да табыс табудың мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Сергек болыңыз. Жұлдыздар көп кешікпей табысқа кенелесіз, бірақ оны күте білу керек дейді. Күш қуатты сарқып алмас үшін басты мақсатты алға шығарып, арасында демалып алған да дұрыс. Әйтпесе шаршап қаласыз.

Әйел Балықтар. Өз жоспарлары мен ойына сын көзбен қарағаны дұрыс. Іске асатынына сенімдісіз бе? Көпті аңсаған[1]менен, бәрінен де айрылып қалуыңыз мүмкін. Көпшілігі отбасына мойын бұрады, тіпті жұмыстан бас тартуы да мүмкін. Бұл шешім олар үшін пайдалы болмақ. Қаржы қиындығы болғанымен, бәрі оңынан шешіледі. Жалғызбастылар өз жартысын табу мүмкін. Ол тіпті ауқатты, табысты жан болуы да ықтимал.

Еркек Балықтар. Сүйіктісі үшін бәрін жасай алатынын дәлелдейді. Есесіне мол махаббат, сенім талап етеді. Отбасы барлар балаларымен бірге уақыт өткізіп, үйде болғанды қалайды. Жұмыс барысында өзгеріс жоқ. Айлыққа қосымша қосылуы мүмкін, немесе ескі қарыз қайтады. Ақша керек-ақ, ұсақ болса да шығын жетерлік.

Махаббатта жылулық жетпейді. Жақын адамдарға қамқор болғысы келеді. Кейбіреулер ғашықтықты, әйтпесе балалармен бірге болуға таңдау жасайды. Жалғызбастылар адал, шынайы болғанда ғана өз жартыларын табады.

Қаржы мәселесі оңай емес. Мол түсім жоқ. Содан да шығыстарды зерделеп, ақшаны жұмсағанда сауатты болу керек. Бұл кезеңде жұмыстан гөрі, отбасын көбірек ойлайсыз. Ерінбей, табанды еңбек етсеңіз, табысқа қол жеткізесіз. Жұлдыздар өзіңізді штаттан тыс жұмыс (фриланс) істеп көруге кеңес береді. Кеңседе отырмай-ақ, қашықтықтан да жақсы нәтижеге қол жеткізесіз. Ең бастысы уақытты ұтымды пайдалана білу.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған