Тоқты. Жұмыс, қызмет барысында өте жақсы кезең. Бұрын сәті түспеген істің реті келіп тұр. Бағытты дұрыс анықтап, болашағы жоқ жобаларға текке уақыт жібермеңіз. Өзіңіздің жаңа міндеттерді орындаудағы іскерлігіңіз басшылық көңілінен шығады. Бәлкім ай соңына дейін қызмет баспалдағымен көтерілу мүмкіндігі бар.
Табыс та артады. Алайда қаржы мәселесінде ағаттық жасауға болмайды. Абай болыңыз. Келісім шарт жасауда, ірі заттар сатып алуда асықпаған жөн. Дұрыс шешім қабылдау үшін өз тәжірибеңіз жеткіліксіз болуы мүмкін. Ақылқосар кім бар екенін ойланыңыз.
Жеке өмірде бәрі ойдағыдай бола бермейді. Кей кездері өзіңізге қымбат жандардың өзі де сізді түсінбейді, түсінгісі де келмейді. Алайда, жақсылық нышаны бар. Қиын жағдайларда өзіңізді бағалайтын, жақсы көретін жандардың бар екенін сезінесіз.
Торпақ. Өте жақсы ай, дегенменен қиыншылығы да бар. Міндет пен қажеттілік әдеттегіден көп, оның үстіне бір уақытта бірнеше іспен қатар айналысуға тура келеді. Жағдай қалай болғанда да, тоқырап, дағдарып қалмайсыз, жағдайдан шығатын жол табасыз. Тіпті кейбір қиын жағдайдың өзінен олжамен шығасыз.
Әрине, өмірлік тәжірибесі мол Торпақтарға жеңілдеу болады. Олар қалай әрекет ету керектігін тез түсінеді. Ал, қалғандары бұған дейін де көмегі тиген бұрынғы таныстарынан кеңес сұрауға мәжбүр. Алтын тау менен жеңіл жеңіс уәде еткендерге сенуге болмайды. Шілде айында үлкен жетістіктерге жету үшін көп еңбектенуге тура келеді.
Жеке өмірде айдың бас жағы өте жақсы. Жақын жандармен қарым-қатынаста қиындық жоқ. Жаңа таныстарменен де тез келісімге келесіз. Өзара қарым-қатынастан жаныңыз жай табады. Алайда, шамалы уақыттан кейін бұрыннан келе жатқан араздық бой көтереді.
Қызу айтыс, реніш орын алады. Ашуға бой алдырмай, өзіңізді-өзіңіз ұстай біліңіз.
Егіздер. Шыдам керек. Мақсатқа барар айқын жол тапқанменен, дұрыс бағыт ұстанғанменен, табысқа жету оңай емес. Оқиғалар әдеттегідей емес, өте баяу дамиды, қанша әсер етем дегенменен қолдан келмейді.
Іскерлік әлемінде сақ болған жөн. Әсіресе, онша таныс емес адамдармен бірге іс-әрекет еткенде, келісімге келгенде абайлаған жөн. Көптеген адамдар сізді өз жағына тарту үшін орындалуы неғайбыл көп уәде береді. Кімге сенуге болатынын анықтау үшін уақыт керек.
Жеке өмірде түйсікке сеніңіз. Не істеу қажеттігін уақытында көрсетеді. Таныстыққа қолайлы ай. Егіздер жаңа достар табады. Сондай-ақ романтикалық қарым-қатынастар орын алуы да мүмкін. Алайда, бәрі өз ойлағаныңыздай бола бермейді. Кездейсоқ жағдайлар, қиын сәттер де болмай қалмайды.
Шаян. Ай табысты болуы үшін өзіңіз жеткіңіз келіп жүрген мақсатты нақты айқындаңыз. Бәріне бірден үлгіремін демеңіз. Құр жан-жаққа шашырап қаласыз, әрі өзіңізге салмақ. Негізі кезек-кезегімен, біртіндеп, бірінен кейін бірін мақсат еткен дұрыс.
Іскерлік әлемінде жаңа іс бастауға қолайлы кезең. Жаңа жұмыс туралы ұсыныс, қызмет баспалдағымен өсу де болып қалар. Шығармашылықпен айналысатын Шаяндар үшін жаңа мүмкіндіктер айы. Олар өз талаптарына жаңа бағыт табады. Хоббиді табыс көзіне айналдырғыңыз келеді. Тез жасауға болады.
Отбасында үйлесімділік бар. Туғандарменен дауласуға себеп жоқ. Барлық айтыс-тартыс өткен шақта қалады. Жолсапарға шықса сәтті болады. Басқа жақтағы жақындарға қыдыруға болады. Романтикалық қарым-қатынастар болмай қалмайды. Тіпті бір көргеннен ғашық болу да…
Арыстан. Ай басындағы жоспарланған жұмыс, іс баяу қарқын алады. Өз ойыңыздағыдай болмайды. Өзіңіз сенген адамдар келісімді бұзуы мүмкін, содан да жоспарды өзгертуге тура келеді. Ай ортасына дейін ұйымдастырушылық мәселелермен айналысыңыз. Керек болып қалар құжаттарды реттеңіз, өйткені әрі қарай оқиғалар тез өрбитіні соншалық үлгермей қалуыңыз мүмкін.
Жеке мәселеде, немесе іскерлік әлемінде болмасын қарым-қатынастарды ретке келтіріңіз. Айдың алғашқы жартысында айналаңызда күмәнді адамдар пайда болады, тіпті кейбірі сенімге кіруі де мүмкін. Алайда, маңызды істерде өзіңізге ғана сенесіз, содан да қиыншылық болмайды.
Айдың екінші жартысында көптеген жаңа мүмкіндіктер болады. Іскерлік әлемінде де, жеке өмірде де жақсы өзгерістер орын алады. Көптеген Арыстандар айналасына мықты достар, сенімді одақтастар жиналғанын сезінеді.
Ай соңы романтикалық қарым-қатынастарға сәтті. Көптен бергі арман орындалуы мүмкін.
Бикеш. Әсіресе түйсікті тыңдай білу керек. Соның арқасында алға жылжып, көздеген мақсатқа жетесіз. Бұрын көзге көрінбегенді көресіз, көптен бергі ойда жүрген сұраққа нақты жауап аласыз. Ұзақ мерзімді жоспарға, бағытқа өзгерістер енуі мүмкін. Көптеген Бикештер өз өмірінің жаңа парақтарын ашқысы келеді. Әрине, шілде бұған қолайлы. Маңызды мәселелерге басқаша қарайсыз, өз-өзіңізге адал болыңыз, ешкімге де өзіңізді алдауға, қорқытуға, бағыттан ауытқытуға жол бермеңіз. Кездескен өзгеше жан өзіңізге дос қана емес, ұстаз болуы да мүмкін.
Романтикалық сезім де болмай қалмайды, жаңа қарым-қатынас өзіңіз ойлағаннан да тез өрбиді.
Іскерлік келісім-шарттарға абай болыңыз. Жолы нашар жандардан қашық жүріңіз, қолайсыз оқиғаларға араласпаңыз. Осы айдағы келісім шарттардың бәрі дерлік заңды болғаны дұрыс.
Таразы. Айдың алғашқы жартысы жемісті. Осы уақыт әсіресе, жұмыс барысында өте маңызды деген істерге қолайлы. Бірлесіп, әріптес болуға ұсыныс болуы мүмкін. Табыс тез болады дегенменен жеңіл ақшаға қызықпаған дұрыс, бәрібір еңбек етуге тура келеді.
Соңғы кездері сағынып жүрген туысқандармен, адамдармен көріскен жөн. Бұрынғы байланыстарды қайта қалпына келтіруге болады. Араздасып қалған жандарменен де татуласқан дұрыс. Романтикалық қарым-қатынаста бастамашыл болыңыз. Нәтижесінде жаныңызға жақын адамға жақындай түсесіз.
Жоспарланбаған шығындар болуы мүмкін. Отбасының көбейген қажеттіліктеріне, немесе өзіңізге жақын адамдардың бірінің көптен бері қолқа салып жүрген тілегін орындау үшін ақша жұмсайсыз. Алайда, ақша түсімі де бар, содан да қаржы жағдайы жақсы.
Сарышаян. Көптеген Сарышаяндар үшін жақсы өзгерістер бар. Тезірек бола қоймас, барлығы бірдей сәтті де бола қоймас. Барлығы да өзіңізге байланысты. Дер уақытында бастама көтере аласыз ба, өзіңізге жауапкершілік ала аласыз ба?
Әсіресе, іскерлік әлемінде табандылық керек. Онсыз бұған дейін көп күш жұмсаған жобаны сәтті аяқтай алмайсыз. Осы айдағы тәжірибе алдағы уақытта бірнеше рет алдыңыздан шығады. Көптеген сарапшылар пайдалы таныс табады, кез-келген жағдайда қолдау көрсететін одақтас табады. Кәсіби іс-шараларда көп болуға тырысыңыз, өзіңізді қызықтыратын мәселелерді ашық талқылауға белсене қатысыңыз.
Жеке өмірді екінші орынға қоясыз. Дегенменен оның да пайдалы жағы бар. Достармен жиі кездесесіз. Әр кездесу бір қуаныш. Романтикалық кездесу де сезімге толы. Сарышаяндар өз махаббатын кезіктіреді.
Мерген. Ай басында сабыр сақтаңыз. Көптеген жоспары бар Мергендер үшін қиын кезең. Түйткілді сәттерде жиі қиын мәселелерді шешу керек, өз мүддеңізді қорғау қажет.
Кәсіби ортада түсінбеушілік орын алуы мүмкін. Баяғы дос емес жандар қайта бас көтереді, қиындық туғызуға тырысады. Бәсекелестік те болмай қалмайды. Оған аз күш жұмсамағаныңыз да белгілі. Ең бастысы еңсеңіз түспесін. Біріншіден кедергінің барлығынан өтетін жол таба аласыз. Екіншіден қиын кезең ұзақ уақыт емес, көп ұзамай жағымды жайттар орын ала бастайды. Ай ортасында-ақ жаңа мүмкіндіктер пайда болады.
Айдың екінші жартысында тосын сый жеткілікті. Осы уақытқа дейін басқалардың мәселесін реттеумен айналысқан Мергендер оны реттеп, өз проблемасына назар аударады.
Жақсы кездесулер, жаңа таныстықтар арқасында іскерлік, достық қарым-қатынастар басталады. Кейбір Мергендер романтикалық саяхатқа шығады.
Тауешкі. Іскерлік жағынан шілде айы табысты. Аумақты жобаны қолға алуға қолайлы кезең. Жалғыз емессіз. Ойлағанды жүзеге асыруға көмектесуге дайын жандар жаныңызда. Қызметте өсуге мүмкіндік беретін жұмысқа ұсыныс болады. Ең бастысы қолдан келмейді деп қорықпаңыз. “Көз қорқақ, қол батыр” деген. Табысқа қол жеткізесіз. Жағдай қиындаған кезде өзіңізге деген сенімді қаншалықты сақтай аласыз, міне осыған көп нәрсе байланысты.
Ірі зат сатып алуыңыз, маңызды келісімге қол жеткізуіңіз, сондай-ақ көптен бері созылып келе жатқан заңға қатысы бар дау-дамай шешімін табуы мүмкін. Бұл ай мұрагерлікке, мүлік бөлінісін шешуге, қажетті құжаттарды рәсімдеуге қолайлы күн.
Кейбір Тауешкілер жеке өміріне қатысты маңызды шешімдер қабылдайды. Шілде айы қоныс аударуға, некеге тұруға, отбасылық өмір бастауға қолайлы.
Сондай-ақ көңілде өкініш болып қалған бұрынғы байланысты қайта жандандыруға болады.
Суқұйғыш. Тынымсыз ай. Біркелкі емес. Алғашқы кезекте не нәрсеге мән беру керектігі, қалай іс-әрекет ету қажеттігі бірден айқын бола қоймайды. Осы уақытқа дейін жақсы қарым-қатынаста болып келгендер, нашар пиғыл танытады, олармен араласу қиындық тудырады. Көп ұзамай маңызды істерде тек өзіңізге ғана сенім арту керек екенін түсінесіз. Ешкім де сізді қолдай қоймайды. Қызмет, жұмыс бабында келіспеушілік әдеттегіден де көп. Дегенменен оның пайдалы екеніне күмән келтірмеңіз. Шындық ашылады, немесе көптеген шешімдер арасынан ең дұрысына таңдау жасай аласыз.
Айдың алғашқы жартысында аз көлемде қаржы шығыны, кездейсоқ шығын болуы мүмкін. Көп ұзамай бәрі оңынан келеді. Бәлкім сәтті келісім-шарт жасалады, ақша түсімі, табыстың көбеюі болады.
Жеке өмірде ай бойы сәттілік бар. Тіпті қиын кездерде де жақын адамдардың қолдауын байқайсыз. Оптимизмді сақтауға көмектеседі. Шілде айы романтикалық жолсапарға, немесе үйлену саяхатына шығуға қолайлы.
Балықтар. Өзіңізден бөлек, өзгелерге де пайдалы іс бастаңыз. Айдың алғашқы аптасы қоғамдық іс-шараларға, қайырымдылық акцияларына қатысуға қолайлы. Басқаларға көмектесіп қана қоймайсыз, пайдалы адамдармен де танысасыз. Кейбір Балықтар өздері бұрын бойларынан байқамаған таланттары мен қабілеттерін ашады.
Күнделікті тірлік өте күрделі көрінеді. Жаңа бір іс бастағыңыз келеді. Мұндай мүмкіндік болады, алайда өзіңізді қызықтырған міндетті шешуге баспен кіріп кетпес бұрын күнделікті мәселелерді шешіп алғаныңызға, шешуші сәтте оған алаңдамайтыныңызға көз жеткізіңіз.
Іскерлік әлемінде өзгерістер орын алуы мүмкін. Кейбір Балықтар бұрынғы әріптестерімен, немесе іскер серіктестерімен қош айтысады. Жаңа достар, серіктестер, әріптестер табады. Бұдан ешқандай мәселе болмайды. Әріптестік пайдалы, әрі қызықты болады. Алайда жеке өмір мен іскерлік әлемін шатастырып алмау керек.
Отбасында жақсы жаңалық орын алады. Ол жоспарыңызға әсер етеді. Бұрын онша мән бермей келген жағдайға назар аударыңыз. Көп қуаныш сыйлайды.