ТОҚТЫ
Ай бойы арман құшағында жүресіз. Жаңалық көп. Жаңа таныстықтар да жетерлік. Өз қолтаңбаңызды қалдырғыңыз келеді. Барлығына да мүмкіндік бар. Сәттілік шамы жанып тұр. Туған-туысқан, жақын жандар туралы көп ойланасыз. Тіпті көптен бері хабар болмай кеткен алыс туысқанды іздеудің еш айыбы жоқ. Отбасы өте маңызды. Ашуға ерік беретін кездер де болады. Алайда, “Айтылған сөз – атылған оқ” екенін ескеріңіз. Реті келсе дау-дамайдан аулақ жүріңіз.
Жұмысқа, оқуға мән беріңіз. Нәтижеге жетуде барлық амал адал бола бермейді. Дегенменен ұят пенен арды ойлағанда ылғи да жеңіске жету мүмкін емес. Кездескен кедергілерден өте біліңіз. Тек мақсат қоя білсеңіз болғаны.
Торпақ
Мырзалық танытасыз. Айналаңызда біреу мұқтаж болса жалғыз көйлегіңізді шешіп беруге дайынсыз. Жомарттығыңызды бағалап, алғыс айтып жатса, содан жаныңыз рахаттанады. Алайда, түн тыныштығын берсе содан жақсысы жоқ.
Бар істі адал атқарғыңыз келеді. Алайда, басқалар көкіректік, ызыңбайлық деп қабылдауы мүмкін. Өз-өзіңізді қорғамас бұрын өзіңіздің негізгі мақсатыңызды әбден анықтап алыңыз.
Басқа адамдармен қарым-қатынасқа үлкен мән бересіз. Өзіңізге жақын адамды қорғап қалу үшін жан беруге даярсыз. Сізді, немесе жаныңызға жақын адамды алдағанды аямайсыз.
Биліктің кез-келген түріне қарсыласасыз. Есіңізде болсын өмірдегі барлық ереже еріккеннен емес. Егер ережелерді бұзатын болсаңыз, өтеміне дайын болыңыз.
Ұсыныстарға, келісім шарттарға қолайлы кезең. Толық ақысын төлей алатын боларсыз, егер де сәті түсіп тұрса маңдай термен тапқанды жұмсамаса да болады.
Егіздер
Көпшілік алдында сөйлеу оңай емес. Сондай-ақ жақын жанмен оңаша сырласқан да ғанибет. Қарым-қатынас жасаудың шеберісіз.
Айналадағы болып жатқан жағдайларға баға беріп, талдай біліңіз. Ойлануға уақыт шектемеңіз. Майда-шүйдеге де мән беріңіз. Бәрін ескергеніңізге сенімді болыңыз.
Достарыңыз қолдау білдіреді, алайда дұшпандарыңыздың ісін түсінуге тырысыңыз. Дұшпаныңды жаныңда ұста деп текке айтылмаған. Өзіңіз туралы өсек сөзден қорғаныңыз.
Армандауға болады. Қиял деген жаман емес. Алайда қиял мен нақты өмірдің ара жігін аша біліңіз.
Алдын ала ойластырып әрекет еткенді ұнатпайсыз. Алайда ай соңында ойланбай істеген істен опық жейсіз. Содан да үйренген қалыптан айнымаңыз.
Шаян
Айналшықтап жүрсіз. Текке жүгіріс екенін сезінбейсіз. Ойыңызды жинақтаңыз, түзу жолға түсуге тырысыңыз.
Достармен бірге болған жақсы, бірақ таңдау қиын.
Бірдей жағдайда екі түрлі пікірді ести тұра, шешім қабылдау қиын. Сырт қалғыңыз келгенімен дауласушы екі жаққа төреші болуға тура келеді. Алайда, шындықты жоғары қоясыз да, келісім бермейсіз.
Айналаңыз сізді дұрыс түсінбейді. Өз ойыңызды дұрыс жеткізуге тырысыңыз. Дегенменен сөзге абай болыңыз. Қажет болса айқайлауға да тура келеді.
Жұрт өзіңізге өзіңіз жұртқа қарағандай қараса дұрыс болар еді. Бірақ олай болуы мүмкін емес. Өз қалпыңызды сақтаңыз.
Арыстан
Міндеттеме көп. График тығыз. Бөтен іске, ойға уақыт жоқ.Біреулер көмек қолын созады, бірақ біреулерге қарыздар болып қалғыңыз келмейді. Зияны жоғын таңдауға тура келеді.
Табынушы табылады, құпия қалғанды жөн көреді. Зерделей қарасаңыз, кім екенін табасыз.
Түйсігіңіз мықты бола тұра ойланбаған қадам жасайсыз. Мүмкіндік болып тұрғанда, бүлдірудің керегі жоқ.
Тәтті тағамға тәбет ашылады, тоя жемеңіз.
Бикеш
Үйренген жолмен жүруді әдет еткеніңізбен, өзгеріс те жасағыңыз келеді. Қолдаушыларыңыз көп, сондай-ақ сізді ұнатпайтындар да жетерлік. Өз-өзіңізді қорғай біліңіз. Өз адалдығыңызға сенсеңіз, ешкімге есе жібермеңіз.
Өзіңіздің үлкенді-кішілі жеңістеріңізді атаусыз қалдырмаңыз. Өйткені, соңғы уақытта аз еңбек етіп жүрген жоқсыз. Басқалар білмесе де, өз қабілетіңізді өзіңіз жақсы білесіз.
Шыдамның да шегі бар. Басқалардың теріс әрекетіне төзе алмайсыз. Өйткені өзіңіз белгілі ережелерге, тәртіпке бағынасыз, өзгелерден де соны талап етесіз.
Өзіңіз қалап алған әдістер, қадамдар сынаққа түсіп тұр. Содан да өзіңіз қалыптастырған жүйені қайта бір қараңыз. Әлдеқандай жағдай болып жатса бейімделе білген жөн.
Таразы
Адамдармен арақатынас үзіліп қалды. Жалғыздық сізге жараспайды. Өзіңіздің кемшілігіңізді сезінесіз, алайда оны өзгелердің білгенін қаламайсыз. Содан да қоғамда өзіңіз сенбейтін жандарға өзіңіздің көңіліңізден шығатын жақсы жақтарыңызды ғана көрсетіңіз, күліп жүріңіз. Ұйықтағанда да жүзіңізден күлкі кетпесін, өз әлеміңізде өмір сүргенді қалайсыз, алайда қоғамнан тыс болуы мүмкін емес. Кездейсоқ біреудің аяғын басып кетсеңіз де кешірім сұрай салыңыз.
Жаңа байланыстар пайда болады. Дау-дамайда екі жақыныңызға төрелік айтқаныңыздың жемісті болуы өзіңізге байланысты.
Сарышаян
Жақын жанмен келіспей қаласыз. Қол жетпеске қол созбаңыз. Тілегеніңіз жүзеге ассын десеңіз армандай бермей, іске көшіңіз. Қызметте жаңа міндет жүктеледі, жаңа сенім артылады. Алайда, жұлдыз ауруына шалдықпаңыз. Табиғатыңыз күшті, жұртты өзіңізге магнитше тартасыз. Бірақ, көп жұмыс істеуге тура келеді.
Бір проблемаларды шешуге тура келеді. Кәсібилігіңізден бұрын, жақын жерде тұрғандығыңыздан. Не істеріңізді білмесеңіз, уайымдамаңыз. Төтенше жағдайда тез шешім қабылдай аласыз.
Ай соңында әлсіз, шаршаңқы қалыпта боласыз. Бірақ, сізге өктемдік жасаймын дегендердің ойлағаны болмайды.
Мергендер
Іш пысады. Әлемде қызықты жайлар көп. Уақытты босқа жібермеңіз. Жақсы хабар естисіз. Оны көбірек ойлаған сайын, соғұрлым нәтижесін де алыстатасыз. Ұялшақтық, жасықтық жақсы емес. Мүмкіндіктерді жіберіп аласыз. Аяқ тартпаса да өз-өзіңізді қамшылаңыз.
Айналаға бей-жай қарамайтыныңыздың пайдасы тиеді. Жұрт сізге риза.
Ай соңында жұмбақ жайға тап боласыз. Шешуі қиын. Бәлкім бірдеңені ұмыт қалдырдыңыз?..
Тауешкі
Екіге бөлінесіз. Туған-туыс, жақын-жуық сіз үшін шешіп қойған мәселеде не істеріңізді білмейсіз. Бірақ, жүректің айтқанын істеңіз.
Өзгелердің пікірі де көп нәрсені өзгертуі мүмкін, алайда, өзіңізбен өзіңіз болғанды қалайсыз. Ұжыммен уақыт өткізген рахат сезімге бөлейді, бірақ белсенді әлеуметтік жұмыстан демалатын қосымша жоспар жасаңыз.
Өміріңіздің келесі кезеңіне қадам жасауға қорқасоқтайсыз. Көп еңбектендіңіз. Алайда зейнеті қайда? Себебі өзіңіз ойлағандай емес, бірақ осы жағдай өз-өзіңізді түсінуге кедергі етпеу керек.
Ай соңында жағымды жаңалық көп. Ай бойындағы қолайсыз жағдайларды жуып-шайып жібереді. Басшылыққа жақсы ой қалдырасыз. Саудаласа білсеңіз көптеген жеңілдіктер мен бонустарға ие боласыз.
Суқұйғыш
Жоспарыңызда көп өзгерістер болады. Шамаңыз жетеді. Тіпті пайдасы бар. Таңдаған бағытты сәл өзгертсеңіз көптеген жарқын табыстарға қол жеткізесіз. Мақтануға тұрарлық. Бәріне мән бересіз, тіпті ұсақ-түйекке де. Ештеңе назарыңыздан тыс қалмайды, тіпті детектив те бола аласыз.
Сезімге берілесіз. Уайым да бар. Өз сезімдеріңізден өзіңіз қашасыз. Сырттан бой тітіркендіретіннің бәрінен қашық болыңыз. Жүрегіңізді тыңдаңыз. Ұтпасаңыз, ұтылмайсыз.
Ай соңында өзіндік, прогрессивті пікір қалыптастырасыз. Содан да ойға келгенді ортаға салыңыз. Тыңдай білетіндерге ойды жеткізе біліңіз. Өзіңізге жарқын жол ашасыз. Жақын адамыңыз үшін көп нәрседен бас тартуға тура келеді. Кейде өзіңізге өзіңіз ұқсамай кетесіз.
Балықтар
Қызықтыратын көп. Қарай берсеңіз көз тоймайтын ғашық жан да бар. Кездейсоқ, сиқырлы жайға да дайын болыңыз. Ешқандай әрекет етпей-ақ, көз көргендерді ойға қорытыңыз.
Махаббат кезеңі. Қиялыңыз іске асады.
Жаңаны қабылдау қиын, ескіден құтылу да оңай емес. Дегенменен бірдеңені өзгертем десеңіз бәрібір ескіден арылу керек. Жаныңызда қолдаушы болса тіпті жақсы.
Жаңа образ жарасады. Түбегейлі өзгеріс жасамас бұрын бәрін ақылға салыңыз.
Айдың соңында түйсігіңіз алдамайды, сеніңіз.