– “Ауласына қарап, азаматын таны”- демекші, үйдің есік алдына қарап тұрғындардың қандай екенін аңғаруға болады. Сол жағалауға келгенімізге 3 жылдай болды. Көктем келісімен, ауланы көгалдандыруды қолға алдық. Топырағын тыңайтып, жиі суарып тұрдық. Өзімізге де жақсы. Жазда салқын, шаң болмайды, көңіліҢ көтеріледі, таза ауа. Біздің ауланың басты көркі – бірлігі мен тірлігі жарасқан тату көршілер екенін мақтанышпен айтамыз. Гүлзарлардың күтім-бабын жасауға біздің көршілердің де көмегі зор. Және де барлық тұрғындарды өз ауласын көгалдандыруға атсалысуға шақырамыз! Қаламызды жасыл-желекке айналдырып, барлықтарыңыз “Үздік аула”-ның иегері, таза ауланың тұрғыны болыңыздар, – дейді “Үздік аула – 2023” байқауының қатысушысы Сол жағалау тұрғын ауданы 22 үй 33 пәтер тұрғыны Тукешов Қаршыға

P.S.Байқау жеңімпаздары комиссия шешімімен анықталады: https://t.me/ akimatqyzylorda/3715 (байқау шарты)

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған