Бәріміздің де ауқатты болғымыз, молшылықта өмір сүргіміз келеді. Содан да болар өзімізге де, өзгеге де бай болуды тілейміз. Өкінішке орай, байлық та екінің біріне қона бермейтін сияқты. Содан да болар көбіміз кедейміз. Көбіне бір Құдайдан көреміз. Алайда бай, немесе кедей болу өзімізге байланысты екен. Жұлдыздар осылай дейді.
Тоқты
Сәтсіздіктерді көтере білу керек. Әрбір жағдайдан сабақ ала білу керек, әрі өмірдегі сәтті де, сәтсіз оқиғалардың бәрінен тәжірибе алу керек. Тіпті келеңсіз, жаман оқиғаның ақыры қайырлы болатыны есте болғаны жөн. Мәселен, бөгде біреу жаныңызға ауыр жара салғанымен, тіпті жақын адамыңызды жоғалтқан жағдайда да мұның өзінен де сабақ алып, күшті болуға тырысу керек.
Сондай-ақ мақсатқа жетуге ылғи кедергі “жасай алмаймын”, “қолымнан келмейді” дегенмен жұмыс істеу қажет. Өз кемшіліктері мен әлсіздіктерін көре білу керек. Нәтижесінде мүмкіндікті анықтап, сол мүмкіндікті кедергілерді жоюға, жол ашуға жұмсау керек.
Тоқтылар қорықпай әрекет еткенде, өзінің ішкі ерік күшін жинақтағанда табысы артады. Өзінің мықты тұстарын да одан сайын мықты етуге күш салу керек.
Тоқтының ең үлкен міндеті: өз-өзін жақсы түсіне білу, сезіне алуы керек. Құр қиялмен алданып, бүкіл өмірді босқа жібермеген жөн. Табысқа кенелудің кілті ішкі жаңар
Торпақ
Өзімшілдік – үлкен кедергі. Сондай-ақ өмірге деген беймарал көзқарасты да өзгерту керек. Басқалардың есебінен өз бағаңызды көтеруге шеберсіз. Жағдайды жақсарту, ақша кірісін көбейту үшін – зерде, барлық мәселеде есті шешім, ашу емес, ақыл керек. Ішкі дүние тыныштығы болған жағдайда кірісте кіреді. Өз-өзін тыныштандыру үшін басқаларды төмендетудің қажеті жоқ.
Торпақтар өзінің жан дүниесін сезіне білу үшін өзімен арпалысқа, күреске толы ауқымды жұмыс жасай білсе табысқа кенеледі. Айналасымен де, әсіресе отбасымен, жақын адамдарымен де қарым-қатынасты жақсартқан жөн.
Ішкі дүниесіндегі арпалыстан Торпақтар ақшаның, көп ақша болса да ләззатын сезіне алмайды. Өзінің ішкі үрейін жеңе білгенде ақша өзі-ақ келеді, әрі игілік болып көрінеді.
Торпақтардың міндеті: сабыр сақтау, сабырлы болу үшін не істеу керектігін, айналасындағыларға жақсы әсер ету үшін не істеу керектігін түсіну керек. Жаман әдеттерден арылу керек, әрі басқалардың қолдауын, көмегін қабылдаумен қатар, өзі де басқаларға қолдау көрсетіп, көмек беруге дайын болғаны жөн.
Егіздер
Өз бастамаларыңызға, идеяларыңызға сеніңіз. Бұл жоқтан бар жасауға, бәрін үйлестіруге мүмкіндік. Шабытты тежегеніңіз – қуатты да әлсіреткеніңіз. Сондай-ақ Егіздер қолдауға, өздеріне назар аударғанға, эмоцияларын бөліскенге мұқтаж. Сондықтан ақша көбеюіне әсер ететін жобалар, жұмыс міндеті туралы әңгіме болғанда Егіздер үшін басты қозғаушы күш – мүдделестері, серіктестері. Олардың қолдауы, қуанышты бөлісе білуі, бірлескен қимыл Егіздердің жолын ашады.
Бұл белгідегілер материалды дүниені жақсы көргенде, идеясы көп болғанда, өте белсенді болғанда табысты болады.
Егіздердің міндеті: Көп табыс табу үшін жүректі тыңдау керек.
Шаян
Өз шешімдеріне әркез адал. Бұлар жанкешті. Ештеңеден аянбайды. Өзі үшін өзінің қалағаны, дұрыс деп тапқаны маңызды. Өздерін елемегенді жақтырмайды. Бұл белгідегілер үшін бәрі олардың ережесімен болуы керек. Содан да өздері беделді болғанда, әділ екендерін сезінгенде, өзімшіл болғанда табысты. Ақшасы көп болуы үшін Шаяндар билікті аңсап қана қоймай, сондай-ақ өздеріне жауапкершілік алудан да қорықпауға тиіс.
Іштей пісіп жетілмейінше, өз-өзіне қорған болмайынша билікке ие болу да оңай емес. “Мен біріншімін”, “Билік менде” деп айту жеткіліксіз. Көшбасшы болу үшін әлсіреп тұрған тұстарын нықтап, күшейту керек. Сондай-ақ табысқа жету әдісін бір ой елегінен өткізіп, таразылап, әрбір қадамына жоспар құрған жөн.
Шаяндардың міндеті: Көшбасшылық қасиеттерді дамыту – табысты көбейтуде үлкен көмекші.
Арыстан
Барлық жерде өзінің дұрыстығын сезінгенді ұнатады. Кейбір кездері өз-өзін тым жоғары қоюы табысты болуға кедергі де етеді. Ақша кірісін көбейту үшін де сезімін бақылауда ұстаумен қатар, оны басқара да білу керек. Өзі мен өз шекарасын қорғай білгеннен бөлек, диалог жасай білген де жөн.
Өзімшілдік Арыстандарға тән. Ол анық байқалып тұрады. Іс-әрекетінде көрініс беріп, өсуіне кедергі келтіріп, мүмкіндіктерді шектейді. Өзімбілемдікті азайту керек. Өз мінезін бақылаған жөн. Өкпелі кішкентай бала бейнесінен гөрі, ересектерше әрекет еткен дұрыс, әсіресе табысқа жетуде айналамен толықтай достық қарым-қатынас жарасымды. Тез ашуланғыштығы, шамшылдығы Арыстандарға көп кедергі.
Арыстанның міндеті: Өз-өзін дамытуға сын көзбен қараған жөн. Қайда, кіммен, қалай бағыт алғанда алғашқы болуға болатынын зерделеу керек. Өз әдеттеріне сын көзбен қарап, өз мінін өзі жөндеп, сабыр мен ақылды алдыңғы қатарға шығарса жөн.
Бикеш
Бұл белгідегілер “Ақша үнемі жетпейді”, “Мен көбірек жұмыс істеуім керек”, “О дүниеде демаламын” деген ойлардан арылу керек. Осы ұстанымдары жақсы өмір сүруіне барынша кедергі. Қол жеткізген жетістіктеріне өзі қанағаттанбайды. Ал, табысына тоқмейіл болмаған жерде, үнемі бірдеңе жетпей тұрады. Табысы мол болған күнде де бұл белгідегілер оны байқамайды, ақырында өзін-өзі құнсыздандырады.
Сондықтан да Бикештер өз-өздерін жұмыс істеуге күштей бермей, ақша туралы ойларын өзгерту керек. Сондай-ақ өз табысына өзі қуана білуі керек. Бұл оңай емес. Психолог көмегі қажет болар. Алайда, күнде ұйықтар алдында өзіне бес алғыс айтатын Алғыс күнделігінен де бастауға болады. Ең бастысы ақшаны көбейтуге көп күш сала бермей, әрбір жетістікке қуана білу. Табысқа қуана білу жүйкені де нығайтады.
Бикештердің міндеті: Өз жетістіктерін, жеңістерін бағалай біліп, сырттан мақтау күтпеу керек. “Мен мықтымын, бәрін жасай аламын” деп өз-өзіне мақтана білу де табыс кепілі.
Таразы
Басқа адамдар арқылы табысқа қол жеткізеді. Айналамен тіл табыса білуі, ешкімді ренжітпейтіні, ешкіммен араздаспайтыны, өзімшілдікке салына бермейтіні Таразыларға тән қасиет. Кванттық серпілістер олар үшін табыс кепілі. Бірақ мұндай серпілістер үшін көп күш, әрі ол күшті бағыттай білу керек. Іштегі жауынгерлік қасиет Таразыларды өсіреді. Бұдан бөлек бәсекелестерге құрметпен қарай білу де керек.
Өзгелерден оза шығып тұрғанменен, өзінен тәжірибесі азды жерге таптаудың жөні жоқ. Аса бәсекелестікке үйір болмау керек. Ереже бұзған алысқа бармайды. Әркез өз жөнімен жүрсе көбірек ақша табады.
Таразылардың міндеті: Жарыста, бәсекеде қандай мінез, қасиет пайда болатынын бақылау керек. Кедергілерді жоюға ықпалы бар. Егер де бар күшіңізді бәсекелесіңізді жеңуге жұмсайтын болсаңыз, табыстың ауылы алыс.
Сарышаян
Өз менмендігін, көкіректігін жеңе білу, көмекті қабылдай, сұрай да білу керек. Әрі, бұдан кеміп қалмайтынын түсінген дұрыс. Керек емес заттардан арылған жөн, қырғын еңбекпен келген болса да.
Табысты болудың тағы бір кілті өмірдің бір кезеңінен екіншісіне өте де білу керек. Ескі жараларды қозғап, бұрынғы өкпе, сенімде қалып қоймай, уақытымен өзгере, жаңара білген жөн.
Қаржы мәселесінде жағдайға жаңаша қарап, қиын жағдайдың өзінде де оның жақсы жақтарынан үміт етіп, алға қадам жасау керек.
Сарышаяндардың міндеті: Әлсіздігіңізді көрсетуге арланбаңыз, көмек сұрап, оны қабылдай біліңіз. Кедергі болуы мүмкін барлық қиындықтар өтпелі болып, әрі қарай өсуге баспалдақ болады.
Мерген
Өз жетістігінен ләззат алу табысқа әкеледі. Алайда, өз-өзіне қанағаттанып қойған аз, жетістіктерді атап өткен де жөн. Кішкентай бала сияқты қуана білгенге тосын сый да бар. Жақсыны көре білетіндігі, майда-шүйденің өзін тағдырдың сыйы деп қабылдай білетін қасиет Мергендерге табыс әкеледі. Бейнебір біреу көмектесіп тұрғандай. Бірақ, ең бастысы өз тілегін жүзеге асыра білуі, ата-аналардың, қоғамның, достардың айтқанынан бұрын. Содан да өз құмарлығын, құлшынысын арттыратын арманын жүзеге асыра алады.
Мергендердің міндеті: Ауқымды болмағаныменен, кішкентай болса да арманының жүзеге асқан сәтін сезіне білу керек. Өзіне, жалпы әлемге деген ризашылық – табыс кілті.
Тау ешкі
Шешім қабылдай білу, көп жұрт арқа сүйейтін, ақыл сұрайтын тұлғаға айналу – табыс кілті. Адалдық та мол. Менмендік, ашуланшақтық, басқалардан оқшау, салқын болу – көп кедергі.
Бұлар жұртпен жақсы байланыс жасайды. Алайда, ақшаларын жоқ етпеу үшін, нәтижеге қол жеткізу үшін өзімен-өзі болған жөн. Демек, қалай ойлайды, солай айтқан дұрыс. Өз-өзін көрсете білу де Тауешкілер үшін аса қажет. Содан да жүгенсіз болмай, адами қасиетін сақтаған жөн.
Тауешкінің міндеті: Өз ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Айналадағылардың мақұлдауына мұқтаж болмаңыз.
Суқұйғыш
Басқалар әңгіме етеді, күлкі етеді деп үрейге бой алдырып, өз-өзіне сенімсіз болудың қажеті жоқ. Өз-өзін бағалай білу керек. Өз-өзіне сенімді болмаса табыс кілтін жоғалтады. Ішкі дүниесіне зер салып, батыл армандай білу, идеяларды жүзеге асыра білу керек. Ішкі түйсікке сенім артыңыз. Қажетті нәтижеге әкелетін компас сол. “Адамдар не ойлайды?”, “Ешкім мені қолдамайды”, “Жүзеге аспайтын идея” деген ұстаным жеңіске әкелмейді. Қорқыныш, үрей Суқұйғыштың шығармашылық шабытын өлтіреді. Содан да оларды түбірінен алып тастаңыз.
Суқұйғыш міндеті: Жүрегіңізден махаббатқа, қызығушылыққа, шығармашылыққа орын беріңіз. Қорқыныштан, өзіңізді қолдамағаны үшін басқаларды қудалаудан, кінәлаудан аулақ болыңыз. Күдікке орын алдырмай, шабытты шалқытыңыз. Бұл белгідегілерде қуат, батылдық, идея жетеді. Оны әлемге танытып, жарыққа шығарған жөн.
Балық
Өз-өзімен оңаша көбірек болған дұрыс. Өмір туралы ойланып, өз-өзін тыңдап, ішкі дүниесін зерделеген жөн. Егер де басқалар коммуникация, немесе өз-өзін жарқыратып көрсету арқылы көп ақша табатын болса, Балықтардың табысы – жалғыздығында, оқшаулығында.
Бірақ, елден жырақтаудың, жұрттан қашудың керегі жоқ. Тығыз уақытта үзіліс ала білу керек. Мәселен, диірменде айналған тиін сияқты айнала бермей, бір сәт үзіліс болса жақсы.
Айналаға зер салып, анализ жасай білу маңызды. Арпалысқа толы қым-қуыт кезде, қаржылай өсуге мүмкін сәттерді байқамай қалуы мүмкін. Өз-өзін тыңдай білмейтіндіктен де өз-өзін жайсыз сезінеді.
Балықтардың міндеті: Данагөйге сенгендей өзіне сену керек, оңашада ой қорытып, рахаттана білген жөн. Ішкі жан-дүниенің тыныштығы – табыс кілті.
Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар