Мамыр – өзгерістер айы

Жұмыстан қорықпайтындар, зейнетін бейнеттен табатындар үшін жемісті ай. Көптеген жұлдыз белгілері үшін бірден мүмкіндіктер бола қоймайды. Содан да қиын да болса таңдау жасауға тура келеді.

Тоқты

Қызмет барысында көптен бері күтіп жүрген өзгерістер орын алады. Деңгейіңіз өседі. Өзгерістерге уайым­даудың керегі жоқ. Ең бастысы мақсатыңызды өзгертіңіз. Өз-өзіңізді жинақтап, жалпыға ортақ үрейге бой алдырмасаңыз, расында да армандар орындалады.

Денсаулық: Ұйқы қану үшін күнделікті графикті өзгерткен жөн. Телефон мен компьютер уақытын азайтсаңыз ұйқыңыз да қанады. Өз-өзіңізді жеңе білсеңіз ай соңында өзіңізді сергек сезінесіз.

Торпақ

Шаршаңқы қалыптасыз. Еңбек ету қабілетіңіз төмен. Содан да өзіңізге көп міндеттеме алмаңыз, ең дұрысы – демалысқа шығып, күш жинау. Демалыстан келгеннен соң бұрынғының бәріне басқа қырынан қарап, басшыларыңызға жақсы ұсыныстар бересіз.

Денсаулық: Қуат әлсіреген. Тәттіні көп жегеннің әсері. Енді пайдалы, дұрыс тамақтануға көшіңіз. Спортпен айналысқан да жақсы. Күн жылынды, велосипед тебуге болады, немесе үйге тренажер алыңыз.

Егіздер

Өзгерістердің бәрі көңілге жаға бермейді. Алданып қалуыңыз мүмкін. Әріптестеріңіздің қызғанышы, көреалмаушылығы болсын. Егер де айтылған сөзіңіз үшін кейіннен кешірім сұрағыңыз келмесе, кімге не айтып тұрғаныңызға мән беріңіз. Күнделікті еңбек тәртібінде өзгерістер орын алуы мүмкін. Басшылықтың талабына сергек қарап, жұмыстан кешіге бермеңіз.

Денсаулық: Шаршап жүрсіз. Ештеңеге зауық жоқ. Организм демалғысы келеді. Отбасының ұлан-асыр жоспарынан бас тартып, демалыс алыңыз. Сергіту ванналарын қабылдаңыз.

Шаян

Қызметке мән берсеңіз сәттілік жетіп артылады. Оқиғаны асықтырудың қажеті жоқ, бәрінің де өз уақытында болғаны дұрыс. Шыдамды болыңыз. Жақсы жаңалықтар күтіңіз. Еңбекқорлығыңыз ескерусіз қалмайды. Керемет жобаларыңыз басшылықты ойландырады. Қызметтен көтерілуіңіз мүмкін.

Денсаулық: Бірқалыпты, тыныш ай. Бірыңғай жұмысқа ден қоюға болады. Алайда, асыра сілтемеңіз – дұрыс тамақтанумен күн режимін сақтаңыз. Денсаулыққа қараңыз. Алдын-алудың пайдасы зор. Созылмалы ауруларды өршітіп алмаңыз. Тіпті салқын тиіп қалуы да мүмкін. Демалыс кезінде жарақат алудан сақтаныңыз.

Арыстан

Сәті болмаса, қанша тырысқанымен нәтиже де бола бермейтіні түсінікті. Уайымдамаңыз. Өз арманыңыздағы жұмысты іздеуді тоқтатпаңыз. Жақсы ұсыныс болады. Тік мінезді қоя тұрыңыз.

Денсаулық: Спиртті ішімдіктер мен темекіге сақ болыңыз. Жаман, зиянды әдеттер көңіл-күйіңізге әсер етеді. Жаманға деген құмарлықты спортпен жеңіңіз.

Бикеш

Іскерлік жобалар күткеннен де көп табыс әкеледі. Маңызды іс-сапарға шығу, немесе жауапты қызметке тұру мүмкіндігі бар. Өз ісіңіз болса ол да сәтті. Іскерлік әлеміңізде жаңа кезең басталады, “өлі нүктеден” алға жылжисыз. Барлық Бикештер үшін табысты, жақсы ай.

Денсаулық: Көпшілігі шаршап жүр. Жұмыста да, үйде де қарбалас тірлік. Демалыс алыңыз, немесе бірнеше күнге өз-өзіңізді тірліктен босатыңыз. Организм демалғысы келіп тұр. Көкке көмкерілген, әдемі тропикалық елдерге саяхаттаған қолайлы. Табиғатпен тілдесу шабыт шақырады.

Таразы

Өз-өзін көрсеткісі келетіндер үшін мүмкіндік бар. Қорқудың, кейін шегінудің қажеті жоқ. Кедергілер тез жойылады. Сондай-ақ мүмкіндіктер де ұзақ күтпейді. Бір қадам алға жасасаңыз жаңаға да жетесіз. Жұлдыздар қолдап тұр.

Денсаулық: Дене бітіміңізді түзеткіңіз келеді. Қолайсыздықтар болуы мүмкін. Бәрі ойдағыдай болу үшін организмге артық жүк түсіре бермеңіз. Өз-өзіңізге қараңыз. Әдемілік кім-кімге де жарасады.

Сарышаян

Өзгерістерді аңсап жүрсіз. Жақсы жұмыс та іздеп жүрсіз. Алайда, мамыр сіз үшін өзгерістер кезеңі емес. Өз мүмкіндіктеріңізді ақылға салыңыз. Әзірге нақты жоба болмаса, өзіңіз жақсы көрмейтін жұмыспенен қош айтысуға асықпаңыз.

Денсаулық: Өз-өзіңізге кедергі қоймасаңыз, жақсы сәттер көп. Өз сезіміңізді қадағалаңыз. Ашуға ерік бермеңіз. Отбасы мүшелеріне ренжи бермеңіз. Әлеуметтік желіге кіре бермеңіз. Ақпараттың көптігі де жүйкені тоздырады.

Мерген

Жауапкершілігіңіз, тиянақтылығыңыз сынға түскелі тұр. Барлығына аса зер салыңыз. Қателік жіберіп алудан сақтаныңыз. Ақыры қайырлы болсын десеңіз құжаттарды әбден тексеріңіз, қайта-қайта. Ай соңында сыйақы аласыз.

Денсаулық: Сырқаттанып қалсаңыз, өз-өзіңізге емші болмаңыз. Бірден дәрігерге қаралыңыз. Дәрілер қабылдаңыз. Салауатты өмір салтын ұстанбағандықтан да, бәлкім денсаулықты нашарлатып алдыңыз. Арқаның ауруына қозғалыстың аздығы әсер етуі мүмкін

Тау ешкі

Қарқынды басып, жан-жағыңызға қараңыз. Көп бейнеттенгенменен жоғалтқаныңыз аз емес. Әлемнің бар ақшасын аламын деп жаныға бермей, қолдағы барға қанағат еткен жөн. Өміріңіздегі маңызды сәттерді жіберіп алғыңыз келмесе, жұмысты бірінші орынға қойғаннан арылу керек.

Денсаулық: Өзгергіңіз келеді. Әдемі көрінгіңіз келеді. Ақылға салыңыз, сезімге ерік беріп, асығыстық жасамаңыз. Әдемілікте де абай болу керек. Ойланып, шешімге келіңіз, әйтпесе өкініп қаласыз. Бәрі бір қызмет болғанымен әсері әркімге әртүрлі болуы мүмкін.

Суқұйғыш

Жұмысқа, қызметке байланысты жағымды жаңалықтар жетерлік. Ең бастысы, армандап жүрген қызмет орны босап, оған өзіңіздің кандидатураңыз ұсынылады. Содан да аса жауаптылық танытыңыз. Бәріне бірдей жақсы әсер қалдырамын деп ойлай бермеңіз. Өз-өзіңізді көрсетуге толық мүмкіндік бар.

Денсаулық: Стоматолог көмегі керек. Тіс ауруы күшейеді. Қорықпаңыз, ем сәтті болады. Ең бастысы алғашқы қадам жасау.

Балық

Ақылды, жақсылық ойлағыштардың кеңесіне құлақ аса бермеңіз. Өз-өзіңізге сеніңіз. Пайдалы, берері көп іс-сапар кәсіби біліміңізді тереңдетеді. Жолға шығудан бас тартпаңыз. Кәсіби деңгейіңізді көтеретін курстарға ұсыныс болса, бірден келісім беріңіз. Қызметтің өзіңізге ықпалы бар.

Денсаулық: Өкпе-ренішті ішке сақтамаңыз, сыртқа шығарған дұрыс. Әйтпесе, депрессия ғана емес, асқазан ауруы да мүмкін. Жағымсыз жайдан шығу үшін жаттығу залына барыңыз. Сондай-ақ бокс та іштегіні шығаруға жақсы.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған