Бүгін Қармақшы ауданында өтіп жатқан мәслихат депутаттарын сайлауда жас сайлаушы Омарова Бибіфатима Едігеқызы алғаш рет дауыс берді. Дауыс беру құқығына ие болатын жасқа толған Бибіфатима сайлау учаскесіне келіп, өзінің конституциялық құқығын жүзеге асырып, өз таңдауын жасады. Алғаш рет сайлауға қатысу – жас азаматтың өміріндегі маңызды оқиға әрі азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуы – демократиялық қоғамның дамуы мен сайлау мәдениетінің қалыптасуына қосылған маңызды үлес.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған