№68 мекемесінде бекітілген жоспарға сәйкес, облысымызға танымал тұлғамен тәрбиелік мәні зор кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Нартай Бекежанов атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының атынан ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы Алпысбай Бақытбек Алпысбайұлы арнайы қатысты.

Шараның негізгі мақсаты – мекеменің шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтардың рухани дүниесін байыту, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру және қоғамға бейімделуіне ықпал ету.

Кездесу барысында құрметті қонақ өзінің өмірлік және шығармашылық жолымен бөлісіп, өнер мен мәдениеттің адам тәрбиесіндегі маңызына тоқталды. Сондай-ақ адамгершілік, жауапкершілік, адал еңбек және өмірде дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығы жөнінде тағылымды әңгіме өрбітті.

Өз кезегінде сотталған азаматтар да көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.

Мұндай кездесулер сотталған азаматтардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, оң көзқарасын қалыптастыруға және қоғамға қайта бейімделуіне оң ықпал етеді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған