Шиелі ауданының құрама командасы көкпардан «Алтын күз – 2026» облыстық XXXIX спартакиадасында бақ сынап, командалық есепте жүлделі ІІІ-ші орынға ие болды. Ұлттық спортты ұлықтап, аламан додада аудан намысын қорғаған көкпаршыларымыз өздерінің ептілігі мен шеберлігін көрсетті.
* * *
Сондай-ақ Шиелі ауданының құрама командасы қазақ күресінен командалық есепте жүлделі ІІ-ші орынға ие болды. Бұл жетістік – спортшыларымыздың ұлттық спортқа деген құрметі мен қызығушылығының, қажырлы еңбегі мен жеңіске деген жігерінің нәтижесі. Шиелі ауданының құрама командасы кермеге тартылудан да командалық есепте жүлделі ІІ-ші орынға ие болды.