▪️Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес, сот (судья) тараптарға татуласу рәсіміне қатысуы үшін шақыру жібере отырып, тараптардың татуласуына шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі.
▪️Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.
▪️Жалағаш аудандық сотында бір күнде қарызды өндіру туралы бес азаматтық іс бойынша тараптар медиация тәртібімен өзара келісімге келді.
▪️Судья тараптарға медиация рәсімінің артықшылықтарын түсіндіріп, дауды өзара келісім арқылы шешудің тиімділігін жеткізді.
▪️Нәтижесінде, тараптар медиациялық келісімдер жасап, жауапкерлерге берешекті келісілген мерзімде бөліп өтеуге мүмкіндік берілді.
▪️Сот ұйғарымдарымен медиативтік келісімдер бекітіліп, азаматтық істер бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Жалағаш аудандық соты