▪️Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен азаматша Л.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

▪️Іс құжаттарына сай, азаматша Л. сағат 01:50 шамасында көлік құралын алкогольдік масаң күйде тізгіндеген. Оның құқық бұзушылық әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық куәландырудың қорытындысымен және іс бойынша жинақталған құжаттармен бекітілген.

▪️Сот құқық бұзушының кәмелетке толмаған балаларының болуын жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

▪️Сот қаулысымен азаматша Л. жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қазалы аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған