▪️Жаңақорған аудандық сотында Ә.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 603-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Іс құжаттарына сәйкес, Ә. көлігінің алдыңғы бөлігіне жарық құрылғы аспабын тиiстi рұқсатсыз орнатып басқарған.
▪️Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған түсінігімен, сондай-ақ іс құжаттарымен бекітілген.
▪️Сот қаулысымен құқық бұзушы Ә. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 603-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 41286 теңгеге айыппұл салынды.
Жаңақорған аудандық соты