▪️ «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Байқоңыр қалалық сотының ұйымдастыруымен №277 мектеп-лицейінде кездесу өткізілді.
▪️Аталған шараға Байқоңыр қалалық сотының төрағасы Ж.Үсен, судья А.Казкенов, қала прокурорының орынбасары А.Жаппасбаев, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігі басшысының орынбасары С.Алиев және №277 мектеп-лицей оқушылары қатысты.
▪️Шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық білімін арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.
▪️Кездесу барысында заң талаптарын сақтау және құқыққа қайшы әрекеттерден аулақ болу қажеттілігі түсіндіріліп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарға қатысты мәселелер талқыланды.
Байқоңыр қалалық соты