▪️ «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты әкімшісінің басшысы Д.Қамзаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің құқықтану факультетінің курс студенттерімен кездесу өткізді.

▪️Кездесу барысында сот әкімшісінің басшысы соттың қызметі, істердің қаралу тәртібі туралы ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ, сот қызметінің азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы, құқық бұзушылықтардың алдын алудағы және заң үстемдігін қамтамасыз етудегі маңыздылығына тоқталды.

▪️Д.Қамзаев өз сөзінде болашақ заңгерлер үшін заңды терең білу, құрметтеу мен сақтау мәдениетін қалыптастырудың аса маңызды екенін атап өтіп, заң талаптарын қатаң сақтау керектігіне тоқталды.

▪️Кездесу еркін форматта өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған