▪️ Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы «И» серіктестігінің жауапкер М.-дан 113 473 теңге берешек өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

▪️ Тараптарға дауды татуластыру рәсімдерінің көмегімен аяқтау жөніндегі құқықтары түсіндірілген. Нәтижесінде, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалған. Келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшының пайдасына ай сайын 28 368 теңге төлеуге міндеттенген.

▪️ Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған