Қала тұрғындарына қолайлы орта жасау, сонымен қатар қалалықтардың қауіпсіздігін сақтау, әр адам қала көшелерінде емін-еркін жүруіне, өзі қалаған қызметке қол жеткізуіне мүмкіндікті қамтамасыз ету – қала билігінің тағы бір міндеті.
Ата-аналар балалары үшін алаңдамауы керек. Сондай-ақ жастар да бос уақыттарын мәнді, көңілді өткізуге тиіс. Осы орайда қалада күн сайын әралуан ойын-сауық орындары көбейіп келеді.
Бүгінде кішкентайлар үшін де, жасөспірімдер үшін де жас ерекшеліктеріне, талғамдарына сай жасалған ойын-сауық орындары келушілерге қапысыз қызмет көрсетіп жатыр ма?
Осыған орай қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында құрылған жұмысшы тобы қала аумағындағы көңіл көтеретін ойын-сауық орындарында рейд жұмыстарын ұйымдастырды. Аралау барысында нысан иелеріне қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және құқық бұзуға жол беретін факторларды жою бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қауіпсіздік әр азаматтың саналы әрекетінен басталады.